• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанда 2 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды

249 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 24 мамыр.  2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінге дейін дүние-мүліктерін заңдастыруға Қызылжар өңірі тұрғындарынан 449 өтініш түскен. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары хабарлады. Петропавл қалалық мүлікті заңдастыру комиссиясының хатшысы Қанат Барқытовтың мәлімдеуінше облыс орталығында заңдастырылған мүліктің жалпы сомасы 854 миллион 433 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 107 тұрғын және тұрғын емес обьектілер бар.  Бір жеке тұлға ақшаларын заңдастыруға тәуекел етіпті. «Уақыт өткен сайын дүние-мүлік пен қаражатты заңдастырудың тиімділігін сезінушілер қатары артып келеді. Қажетті құжаттарды дайындап, тиісті соманы төлесе, заң арқылы қудаланбайды. Керісінше, ақшаларын депозитке салып, дивиденд алуға, еркін, ашық жаратуға болады. Өтініштер 30 қарашаға дейін қабылданады», дейді Ұлттық Банкі облыстық филиалының бөлім меңгерушісі  Жанар Ысқақова. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті. Сурет: egemen.kz