22 қазанда болатын Сенаттың отырысында он үш заң жобасын қарау жоспарланды. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және палата бюросының мүшелері қабылдаған қаулыға сәйкес, осындай шешім қабылданды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Депутаттар қарауына ШЫҰ аясындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы үкіметаралық келісімді және Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімді ратификациялау жобасы шығарылады.
Депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қайырымдылық туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және заңнамаға мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша түзетулерді қарады.
Одан басқа, заңнамаға Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда талқылау жоспарланды. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау, оңалту және банкроттық, бюджет заңнамасын жетiлдiру, қайырымдылық, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралады.
Бюрода, сондай-ақ, таяуда Мәжілістен түскен төрт заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді.