• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2015

Мемлекет басшысы бастамаларына белсене қатысады

260 рет
көрсетілді

Президенттің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдерінен хат келгенін хабарлады. Авторлар өз хатында агробизнеске жасалған қолдау шараларының арқасында елдің агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтқан. Осындай қолдау нәтижесінде күріш өндірісінің көлемі мен мал басы айтарлықтай өскен. Сондай-ақ, соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы секторына салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге ұлғайған. Аграрлықтар күріш ору нау­қаны таяуда аяқталғанын, оның ба­рысында 84 мың гектар ал­­қаптың әр гектарынан 50,5 цент­нер­ден өнім алынғанын атап өткен. «Ел қамбасына 423 мың тонна күріш құйылды. Тәуелсіздік тари­хындағы осы рекордтық көр­сет­кіш­ке соңғы үш жыл бойы қол жет­кізіліп келеді», – делінген хатта. Соңында авторлар Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға және елді одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерлерін жұмылдыруға әзір екенін айтқан.