• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2015

Шекаралас өңірлердің қарым-қатынасы артады

336 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 24 мамыр. Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Ресейдің Троицк қаласында Челябі облысының губернаторы Борис Дубровскиймен кездесті. Олар шекаралық өткізу бекеттерін ұйымдастырудың барысын қарады.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл көрші екі елдің шекаралас екі облысы басшыларының осымен үшінші рет кездесуі. Өткен жылы Қостанайда шекаралық облыстардың чнтымақтастық форумы өткен б олатын. Мұнан кейін Қостанай облысының делегациясы Челябі облысында болды. Шекаралас екі облыс үшін «Қайрақ» – «Бугристое» мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу бекетіндегі үздіксіз жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу бекетіндегі «бір аялдама» ұстанымын жасау өзекті күйінше қалып отыр. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі директорының орынбасары Мұхтар Сәбидолғановтың айтуынша облыста 12 өткізу бекеті бар. Одан 2014 жыл бойынша 3,7 миллион адам, 1,2 миллион көлік өткен. Осылардың 70 пайызы нақ осы «Қайрақ» шекаралық бекетінен өтеді. «Күн сайын «Бугристое» бекетінен 10 – 12 мың адам өтеді, ал бекеттің өткізу қуаттылығы 7 мың адам», дейді Челябі облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі шекаралық басқармасының бастығы Иван Бобряшев. Бұрынырақ қазақстандық және ресейлік шекаралық бақылау органдары шекаралық біріккен бақылауды «Бугристое» өткізу пунктінде ұйымдастыру жөнінде мәселе қараған болатын. Бүгінгі күні Үкіметаралық келісімнің жұмыс жобасы екі ел Үкіметтерінде қаралып, келісілетін болады. Шекаралас облыстар басшыларының осы кездесуінде шекаралық бекеттердің «бір аялдама» ұстанымымен жұмыс істеуін ұйымдастыру мәселесі қаралды. Яғни шекарадан өту уақытын анағұрлым қысқарту үшін шекаралық қызмет қызметкерлері көліктерді тек елге кіріп келе жатқанда ғана тексеретін болады. Беекттерден өту уақытын қысқарту үшін екі жақтың бекеттерін де қайтадан жаңғырту қажеттігі білінеді.  Қазақстан жағы әріптестерін «Қайрақ» өткізу бекетін күрделі жөндеуден өткізу үшін 2015 жылы 412,7 миллионг теңге бөлінгені туралы хабардар етті. Қазір «ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мердігерді анықтау үшін конкурстық үдерістерді жүргізуде. Тағы да алдағы жұмыстардың түйінді мәселелері Челябі және Қостанай облысы басшыларының кеелсі кездесулерінде талқыланатын болады. «Біз бұл мәселелерді екі жақтың да Үкіметі деңгейінде көтеріп жүрмыз.  Қазақстан жағынан іс тез қозғала бастады. Жобалық-сметалық құжаттар дайындалды, біз «Қайрақ» бекетін 400 миллион теңгеге түсетін жөндеу жұмыстарына кірісіп жатырмыз. Бес жолақты екі жақты қозғалыс қамтамасыз етіледі. Ресей жағынан «Бугристое» бекетін қайтадан жаңғыртуға әлі қаржының бөлінбегені ойландырады. Бәіз қандай болған жағдайда да біздің азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасау үшін бекеттердің жұмысын жақсартатын боламыз, деді Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов. Кезесудің күн тәртібінде Челябі облысы аумағындағы мемлекетаралық түйісетін бекеттер тізіміне кірмейтін «Золотая сопка» стансасының жұмыс істеуі туралы мәселе де болды.  Бұл станса тасымал жолын 50 километрден 200 километрге дейін қысқартып, қазақстандық экспортқа бағытталған кәсіпорындар тауарларының өзіндік құнын төмендетуге екі өңіраралық тауар айналымын  күшейтуге ықпал етер еді. «Біз бұл мәселені көтердік, бірақ Ресей жағының да өз уәжі бар. «Золотая сопка» стансасы ірі жүк тасымалы ағынына арнап салынбаған, ол қосымша  нысан ғана болып келген. Біз мұны әлі де зерттеп, қарап, алдағы уақытта тағы да көтеруді немесе күн тәртібінен алып тастауды нақты шешетін боламыз, деді Нұралы Сәдуақасов. Мысалы, Ресейге көмір, астық, басқа да тауарларды Тобыл – Қарталы –   Золотая сопка бағыты арқылы жеткізетін 97 километр артық жүріп, қосымша шығындар жұмсайтын   қазақстандық кәсіпорындар тауарларының өзіндік құны қымбаттап сала береді.  Екібастұздан Тройцк ГРЭС-і үшін артылатын көмірді Есіл – Тобыл – Қарталы – Золотая сопка стансалары арқылы жеткізу үшін 272 километр жер жүреді екен. Мұның барлығы да екіжақты қаралатын болады. Шекаралас облыстар басшыларының кездесуінде обылс әкімі Нұралы Сәдуақасов тағы бір өзекті мәселені көтерді. «Арқалық-Троицк-Челябі» бағыты бойынша жүретін электр пойызының Қарабалық ауданындағы Мағынай және Боскөл счтансаларында жасайтын аялдаманы қайта қалпына келтіруді ұсынды. Пойыздың бұл аялдамалары 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шекаралық өткізу бекеттерін ұйымдастыру мәселесіне орай алынып тасталған болатын.  Бұл ұсынысты Ресей жағы таяу уақытта қарйтын болды. Кездесуді қорытындылай келе, шекаралық обылс басшылары оның жоғары түсінушілік, екі жақты мүдделілік жағдайында өткенін айтты.  Мұндай кездесулер екі жақтың да көп мәселелер бойынша алға жылжуына мүкіндік береді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz