• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2015

Қызылордадан биыл 700 жас әскерге аттанбақ (фото)

433 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 мамыр. Еліміздің айбынды әскері қатарын осы жылы сыр өңірінен аттанатын 700 аса азамат толықтырмақ. Солардың бір легін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев шығарып салып, сәт-сапар тіледі. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Елімізде әскерге алынатын азаматтарға қойылар талап күшейіп келеді. Ең алдымен жастардың денсаулығы құрыштай берік, білімді болуы шарт. Сонда ғана Қазақстанның сарбаздары жоғарғы әскери дайындықтан өткен, елін сүйетін, отанын қорғайтын мықты азамат болып шығады.   Жас сарбаздарды әскерге шығарып салу салтанатында Қырымбек Көшербаев: «Сіздер ер жетіп, бүгін әскер қатарына аттанғалы отырсыздар. Ел тыныштығын күзету – азаматтық борыш. Қазір заман тыныш. Алайда, бұл Отан күзетіндегі жауынгердің жауапкершілігін жеңілдетпейді. Алаштың анасы – Сыр елінің бүгінгі жастары алған тәлім-тәрбиесі, білімі мен өмірлік тәжірибесінің арқасында мерзімді әскери қызметін жоғары жауынгерлік деңгейде атқаратынына сеніміміз мол. Осыған орай мен сіздерге үлкен сенім артып «Аманат» жолдап отырмын», – деді. Айта кетейік, әскери борышын өтеушілердің барлығына облыс әкімінің атынан Қадыр Мырза Әлінің «Алмас жерде қалмас» кітабы табыс етілді. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ақ батасын беріп, сәт-сапар тіледі. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.