• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2015

Астана – дінаралық үнқатысудың орталығы

353 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бесінші мәрте ұйымдас­тырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері бұрын-соңды әлемде болмаған тарихи жиын екеніне ешкімнің таласы жоқ. Дәстүрге айналған құрылтай бұған дейін бір үстелдің басына біріктіру мүмкін болмай келген дін өкілдерін ортақ мүдде, ортақ құндылықтар жолында қайта-қайта қауыштыруда. Осылайша съезд, ең ал­ды­мен, Батыс пен Шығыс­­тың арасын бір-­бірі­мен жақындастыру, ортақ мүд­­деге жұмылдыру мүмкін екен­дігін, олардың өзара түсінісе алатынын дә­лел­­деді. Кезекті бесінші съезд әлем­­де бейбіт­ші­лікті қалып­тас­­ты­ру­да діни тұл­ғалар мен саяси көш­бас­шылардың рөлін айқындауға өз үлесін қосты. Осындай қайрат­керлердің әлеуетін біріктіре оты­рып, әлемде бейбіт өмірді қалып­тастыруға және жан-жақты даму мәселелерін шешуге болатынын көрсетті деп санаймын. Бүгінде әлемде геосаяси жағ­дайлар шиеленісіп тұрған қиын кезең екені баршаға белгілі. Өйт­ке­ні, әлемдік геосаясат картасында қалып­тасқан бүгінгі ахуал күрделі. Діни ұғым­дарды бұрмалаған түрлі топтар, ағым­дар пайда болды. Олар­дың агрессиялық пікірлері құра­мындағы мүшелерін лаңкестік әрекет­терге итермелеуде. Осы проблемаларды қайткенде бірлесіп шеше аламыз? Әлем елде­­рінің «Ислам мемлекеті» дегенге қаты­насы қалай болуы керек? Атал­ған ұйым жасап отырған лаң­кестік әрекеттерге қайтсек қар­­сы тұра аламыз? Радикалдық әрекет­тердің алдын қалай аламыз? Әр­түрлі дін өкілдері бұл мәселе­лермен қайткенде бірлесіп күресе алады? Құрылтай барысында осы мәселелер төңірегінде жетерліктей пікірлер айтылып, бағыт-бағдарлар мен ортақ ұстанымдарды нақтылауға жағдайлар жасалды деп айтуға болады. Еркінбек ШОХАЕВ, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы.