• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2015

Патриоттар партиясының төрағасы да жаңарды

366 рет
көрсетілді

Сенбі күні елордада Қазақстан Патриоттар партиясының кезектен тыс XIV съезі өтті. Оған партияның өңірлік филиалдарынан делегаттар қатысты. Съезде Қазақстан Патриоттар партиясының жаңа төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды. Делегаттар алдында сөз сөйлеген Ғани Қасымов алда тұрған міндеттерді шешу үшін партияға жаңашылдық қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол енді өзінің бар күш-жігерін Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы қызметіне жұмсайтындығын мәлімдеді. Өйткені, Мемлекет басшысы бизнес-кеңістікке үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Ал съезд делегаттары дауыс беру арқылы Қазақстан Патриоттар партиясының төрағалығына Толымбек Ғабділәшімовті сайлады. Жаңа төраға көптен бері осы партияның мүшесі ретінде саяси ұйымның жұмысына белсене қатысқан. Ол партияның ұйымдастырушылық қызметіне жаңашылдық енгізе алады. Толымбек Ғабділәшімов белсенді қоғам қайраткері, бірнеше рет Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған. Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды. «Егемен-ақпарат».