• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2015

Польшадағы президент сайлауында Анджей Дуда жеңіске жетті

250 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 мамыр. Кеше Польшада президент сайлауының екінші туры аяқталып, экзит-пол өз нәтижесін жариялады. Соған сәйкес елдің жаңа басшысы сайланғаны белгілі болды. Бұл туралы 24.pl хабарлады. Аталған ұйымның сараптама қорытындысы бойынша, оппозициялық «Құқық және әділдік» партиясының кандидаты Анджей Дуданың жеңіске жетті. Сауалнама нәтижесінде оған сайлаушылардың 53 пайызы дауыс бергені анықталды. Ал Дуданың басты қарсыласы, қазіргі президент Бронислав Коморовскидің 47 пайыз дауыс жинаған. Сайлаудың екінші турына сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 56,1 пайызды құрады. «Анджей Дуда мырзаны нәтижесімен құттықтаймын және оның президенттік қызметіне сәттілік тілеймін. Польшаның тек жақсы болғанын қалаймын», – деді сайлау нәтижесіне қатысты Бронислав Коморовски. Еламан Қоңыр. Дерек: 24.pl. Сурет: szona.org.