• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Шілде, 2015

Өзінің өміршеңдігін дәлелдеген форум

420 рет
көрсетілді

Астанада бесінші дүркін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі діндер­аралық үнқатысу­дың айқын алаңына айналды. Небәрі 13 жылдың ішінде бүкіләлемдік деңгейде мо­йын­далуы съездің маңыздылығын, өзектілігін көрсетеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында оның өміршеңдігі дәлелденіп отыр. Съезге қатысқан спи­кер­лердің бірі Ва­тикан Папасының Дінаралық үнқа­тысу кеңесінің прези­ден­ті, кар­динал Жан-Луи ­Тора­нның «Ас­та­­­на тек қана Қа­зақ­­­с­танның аста­­на­сы емес, ол бар­лық дін­дер үнқа­тысу­ы­ның астанасына ай­налды», – деп мәлім­деуінде үлкен мән жатыр. Съезде көтерілген маңызды мәселелердің әлем алдында берері көп. Әсіресе, ислам қоғамындағы діни дағдарыстың, ахуалдың тұрақтануына септігін тигізеді деп күтілуде. Съездің секциялық жұмысына қатысқан еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы да тұ­шы­мды ойларын ортаға салған кез­де шет­елдер­ден келген қонақтар оң пікірлерін білдіріп отырды. – Дін – бүкіл әлемде адам­­дардың рухани дүниетанымын бай­ыта отырып, жер бетіндегі адам­зат қауымының өмір сүру игі­лігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сон­дықтан, сол күшті адамдар ара­сындағы достық пен ынтымаққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Ал өзара келі­сім мен жарасымдылыққа ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз, – деп Бас мүфти ислам дінінің негізгі құн­дылықтарының бірі – бейбітшілікті дәріптеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өзінің мәні мен маңыздылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Өйткені, қазіргі жаһандану дәуірінде жер бетіндегі барлық адамзат бейнебір қалада өмір сүріп жатқандай. Олай болса, адамзат дініне, нәсіліне, ұлты­на қарамастан, ынтымақта, бейбіт­шілікте, татулықта өмір сүре ала­ты­нына осы съездің алаңы ең үл­кен дәлел болып қала бермек. Ершат ОҢҒАРОВ, ҚМДБ аппарат бөлімінің меңгерушісі, теолог, PhD.