• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2015

Ақтөбенің жас металлургтері қарт майдангерге көмектесті

247 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 25 мамыр. Ақтөбедегі «Қазхром» трансұлттық компаниясының» филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жас мамандары Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Шевченконың отбасына барып, үй шаруасына қол ұшын берді. Сондай-ақ, қарт жауынгердің ерлікке толы әңгімелерін тыңдап, өмірлік өнеге алып қайтты. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жас мамандар кеңесінің төрағасы Жасұлан Жұмай бастаған кәсіпорын жастары ардагерлер кеңесімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Олар қариялардың өтініш-тілектерін әрдайым ескеріп, үй шаруасына қолғабыстарын тигізіп отырады. «Мен соғыстан аман-есен оралып, 31 жыл Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехында слесарь-жөндеушілердің бригадирі болып еңбек еттім. Қарттарын ешқашан ұмытпайтын осындай компанияда еңбек еткенімді әрдайым мақтан етіп отырамын. Жылдың қай мезгілі болсын өздерінің көмектерін аямайтын, қарттарын қазынасындай сыйлап, әрдайым қасымыздан табылатын зауыттықтарға алғысым шексіз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін металлургтерге біздің салып кеткен сара жолымызда аянбай еңбек етіп, еліміздің экономикасына қара металлургия саласы бойынша өз үлестерін қосып, тек биіктерден көріне берсін деп батамды беремін», – деді соғыс ардагері Иван Шевченко. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.