• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2015

Сенат жұмысындағы басым бағыт

237 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының бесінші шақырылған Пар­ла­ментінің бесінші сессиясының ашылуына орай Сенат Төр­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан На­зарбаевтың институттық реформаларын заңнама­лық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері бойынша жоғарғы Пала­таның Бюро мүшелері және Аппаратының басшы қызметкер­ле­рімен кеңес өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. «Жуырда өткен Консти­ту­ция­­­ның 20 жылдығына арналған ха­лықаралық конференцияда сөй­ле­ген сөзінде Президент алдағы үш-төрт жыл ішінде Ұлт жоспарын­ заңна­малық қамту мақсатында жетпістен астам заң қабылдау жос­парланып отырғанын, оның ішінде жыл соңына дейін 57 заң қабылдау қажеттігін айтып өтті», – деді Қ.Тоқаев. Қалыптасқан ерекше ахуалға орай Қ.Тоқаев жедел­дікті және заңдарды жоға­ры сапада қабылдауды қамта­масыз ету үшін Сенат коми­теттерін Мәжілістің тиісті комитеттерімен және заң жобаларын әзірлеген министрліктермен ынтымақтаса қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды. Төраға, сондай-ақ, палатаның қосымша отырыстарын өткізу мүмкіндіктері туралы да айтты. Сондықтан сенаторларды кәсіби біліктілікті, ыждағаттылық пен жауаптылықты талап ететін ауқымды заң шығару жұмыстары күтіп тұр. Сенат аппаратына депу­таттардың заңнамалық қызметін жедел әрі сапалы құқықтық, ақпараттық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз ету тапсырылды. Заң жобаларымен жұмысқа басымдық берілетіні ескеріле отырып, комитеттердің көшпелі отырыстары мен депутаттардың іссапарларын қайта үйлестіру туралы ұсыныс айтылды. Жаңа парламенттік сессияда Сенаттың алғашқы отырысы 3 қыркүйекте өтетін болды.  «Егемен-ақпарат».