• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2015

Қазақстан Непалға гуманитарлық көмек көрсететін болды

250 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 мамыр. Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Қазақстанның Непалға гуманитарлық көмек көрсету барысы айтылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Комиссия отырысында Қазақстанның зілзаладан зардап шеккен Непалғы 200 000 доллары көлемінде ресми гуманитарлық көмек көрсетуі айтылды. Ал аталған қаражат  Үкіметтің төтенше резервінен бөлінеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Үкіметіне Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді ұсыну туралы шешім қабылдады. Бұл елге өсімдік майы, жылы киім-кешек, төсек орындар мен жабдықтар, шатырлар және ыдыс-аяқ жеткізіледі. Талғат Райымбек. Дерек: Премьер-министрдің баспасөз қызметі. Сурет: ntv.ru.