• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2015

Ерекше оқиға екенін атап өтті

351 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы әңгіме барысында А.Айымбетовтің алдағы ғарышқа сапары отандық ғарыш саласының одан әрі дамуына серпін беретін және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап өтті. А.Айымбетов сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты және ұшуға дайын екенін мәлімдеді. Соңында Қазақстан Президенті ғарышкердің Ха­лықаралық ғарыш стансасына экспедициясы табысты болуына және оның алдына қойылған барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді.