• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2015

Бірқатар өзекті мәселелерді талқылады

276 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасын­дағы екіжақты өзара іс-қимыл­дың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты. Сонымен қатар, тараптар Түркітілдес елдердің Мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші сам­ми­тінің маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесуге түрік тарапы бас­тамашы болды.