АСТАНА. 7 шілде. Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Германия Федеральді канцлері Ангела Меркельдің құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Ангела Меркель өз құттықтауында Қазақстан мен Германияны түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған.
«Халықаралық қоғамдастық үшін өзекті болып отырған сын-қатерлер жағдайында Қазақстан аса сындарлы рөл атқаруда. Елдеріміз арасындағы өзара сенімді және серіктестік қарым-қатынастарды арттыра түсу, сондай-ақ, Қазақстанда демократияны, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын дамыту ісінде Сіз алдағы уақытта да Федеральды үкіметтің қолдауына сенім арта аласыз», – делінген жеделхатта.
Германия канцлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бақ-береке, мықты денсаулық және табыс тіледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: 24.kz.