• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2010

“Еуразияның соңғы тұяғы”

515 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилевтің 98 жасқа толуына орай Еуразия ұлттық уни­­­верситетінің бас ғимаратында еске алу кеші өтті. Оған универ­ситет ректоры Б.Әбдірайымов бастаған оқытушылар мен сту­денттер қатысты. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, заң ғылымдарының док­­торы Бақытжан Әбдірайымов: “Екі жылдан кейін Л.Н.Гумилевтің 100 жылдығы тойланбақ. Біз осы үлкен мерейтойды тек қана Қазақстан ау­­мағында ғана емес, әлем дең­гей­інде өткізу мәселесін алға қойып отыр­­мыз. Осы мақсатта Қазақстан Рес­публикасының ЮНЕСКО жа­нын­­дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлей­ме­новке хабар жібердік. Осы­ған орай, бірнеше халық­ара­лық ұйымдардан да қолдау алып отырмыз”, ­– деді. Басқосуға жиналғандар көрнекі ғалым Л.Н.Гумилев жайлы дерек­­­термен танысып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Жұлдыз БАЙДІЛДА, ЕҰУ студенті.