• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2010

Мәртебемізді арттырып, мерейімізді асырды

412 рет
көрсетілді

“Бейбіт миссия – 2010” Таяуда, яғни қыркүйек айы­ның үшінші онкүндігінде біздің республикамызда “Бейбіт миссия – 2010” атты халықаралық әскери оқу-жаттығуы өткені мәлім. Сарапшы мамандардың пай­ым­дауынша, лаңкестікке қарсы ба­ғытталған бұл іс-шараның дең­гейі өте жоғары болды. Дос сүй­­і­ніп, дұшпан күйінерлік деп осыны айтса керек. Қонақтың аз отырып, көп сынайтынын қазақтан артық кім білген. Жаттығуларға дайын­дық та осы талапты негізге алды де­сек болады. Қазақстан жағы бес ел қатысқан халықаралық маңызы зор бұл шараға барын салды. Тыл­дық, медициналық қамтамасыз ету, байланыс, бір ортадан ко­ман­далық басшылық жасау сынды мәселелер талапқа сай болды. Алдымен, “Мәтібұлақ” поли­го­ны туралы бірер сөз. Бұл жер си­паты жағынан бригадалық-так­тикалық жаттығуларды, атыс дай­ын­дықтарын, қару-жарақ пен әс­кери техниканың барлық түрле­рі­нен оқу және жауынгерлік атыс­тар­ды жүзеге асыруға арналған. Сондай-ақ, халықаралық жатты­ғу­ларды өткізуге де қолайлы ор­ын. Полигонның жалпы аумағы – 114 920 гектар, периметрі – 160 шақырымды құрайды. Жаттығу­дағы шайқас алаңы мен шабуыл шебі – 40 шақырым. Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан осы жаттығуға “Оңтүстік”, “Шығыс”, “Батыс” өңірлік қолбасшылығы әс­керлерінің, Аэроұтқыр әскерле­рінің жауынгерлері, ракета әс­кер­лері және артиллерия, сондай-ақ авиация бөлімдері қатысты. “Мәтібұлақ” полигонына ал­ғашқы боп тыл мамандары шо­ғыр­ланды. “Оңтүстік” өңірлік қол­басшылығының тыл қызметі бұл жерге маусым айында келді. Та­мыз айының басында әскери қалашық­тың қазығы қағылып, аз ғана уа­қыттың ішінде қырда керемет ша­тыр­лы қалашық бой көтерді. Өзі­нің әкімшілік штабы, көшесі, асха­насы және дүкені бар бұл қалашық жүздеген шатырдан тұрды. “Оңтүстік” өңірлік қолбас­шы­лығы әскерлерінің инженерлік-саперлік бөлімшесі жаттығудың ба­сынан аяғына дейін оған қа­тысушы жауынгерлерді қажетті мөлшерде ауыз сумен қамтамасыз етті. Сөйтіп, “Мәтібұлақ” поли­го­нында ауыз суды тазарту мен жет­кізуге барынша көңіл бөлінді. Далалық лагерьде қоныс тепкен бірнеше мың адамды Гвардейск қалашығынан тасымалданатын сумен қамтамасыз ету өте көп күш пен арнайы техниканы қажет етері сөзсіз. Сол себепті, “Оңтүстік” өң­ірлік қолбасшылығының маман­да­ры ауыз суды жерден қазып, та­зар­тып беруді дұрыс деп тапты. Осы ұйғарыммен “ВФС-10” әс­ке­ри фильтрлік стансасы әскери қыз­­­­метшілерді күніне 150 тонна су­мен қамтамасыз ете алды. Фильтр­­­леу, тазаланған ауыз суды белгіленген мерзімде сақтау сияқты барлық қажетті процестерден соң әскери дәрігерлердің мұқият тексеруінен өткен тіршілік көзі ғана қолда­нысқа берілді. Жаттығуға қатысушы жеке құ­рамның денсаулығын қазақ­стан­дық әскери дәрігерлер ұдайы қа­да­ғалап отырды. Олардың қата­рын­да Астана және Алматы қа­лаларындағы әскери клиникалық госпитальдардың дәрігерлері мен медбикелері бар. “Бейбіт миссия – 2010” жат­ты­ғуын өткізу барысында оған қа­тысушылар байланыстың барлық заманауи түрлерімен қамтамасыз етілді. Әскери байланысшылар Ин­тернеттің үздіксіз қызмет іс­теу­ін қамтамасыз етіп отырды. Жаттығуға әзірлік барысында жау­ынгерлік атыстардан тұратын бір­неше дайындықтар өткізілді. Оның ішінде әскерлердің так­ти­калық іс-қимылдарының барлық кезеңдері қамтылды. Жаттығудың шешуші кезеңіне дейін ұзын саны үш рет дайындық өткізілді. Оның әрқайсысын жеке-жеке бірлескен жаттығу деп есептеуге болады. Осы жерде атап өткен жөн, біздің Қарулы Күштеріміз, оның заманауи қару-жарағы мен әскери техникасы жаттығуларға молынан қатыстырылды. Соның бәрінде қазақстандық жауынгерлер жоғары жауынгерлік оқу мен шеберліктің үлгісін көрсете алды. Біздің ар­мия­ның техникалық жарақтануы Ел­басы – Қарулы Күштердің Жо­ғарғы Бас қолбасшысының ұдайы назарында. Қазіргі таңда Жоғарғы Бас қолбасшының тапсыр­­масымен әскерлерге нағыз заманауи авто­мат­ты басқару жүйесі және жо­ға­ры дәлдікті қарулар қондырылған жауынгерлік техникалар көптеп келіп түсуде. Оның мүмкіндігін біз осы оқу-жаттығуларда молынан пайдалана алдық. Қазіргі таңда Қазақстан армия­­­сының құрамалары мен бөлім­де­рін заманауи қару-жарақ пен әс­ке­ри техникамен жарақтандыру кең көлемде жүргізілуде. Осы мақ­сатта ескірген техникалардың бар­лығын жаңартуды ұй­ым­дасты­руға барынша мүмкіндік туып отыр­ғанын айта кеткен жөн. Жаттығудың бірінші тактика­лық кезеңінде “Нүкте-У” зымы­ран­­дық кешенінен жедел такти­ка­лық зымырандар ату жүзеге асты. “Нүкте-У” жоғары дәлдікті зы­мы­ран кешені. Оның салмағы 18 тон­­наны, ал, зымырандары 2 тоннаны құрайды. 120 шақырым қашық­тық­тағы қарсыластың маңызды ны­сандарын жоюға арналған. Түс­кен жері 25 гектар жердің күлін көкке ұшырады. Осы қаһарлы қарудың зы­мырандары өз елімізде жасалады. Одан соң 300 миллиметрлік “Смерч” дүркіндетіп, оқ ату реак­тивтік жүйесінен зымырандық соқ­қы берілді. “Смерч” дүр­кін­детіп оқ ату реактивтік жүйесін ке­ше­гі аңызға айналған “Катюша­лар­дың” заманауи үлгісі десе бо­лады. Ол әртүрлі мақсаттағы ны­сан­дарды жоюға арналған. Оның ішінде моторлы жаяу әскер, брон­ды танк техникаларын, қарсы­лас­тың командалық пунктін істен шы­­ғару бар. Сонымен қатар, 120 мил­­лиметрлік “Айбат” минаатары да меймандар назарын өзіне бір­ден аударды. Бұл қару да өз елі­міз­де жасалған. Ол заманауи бай­ла­ныс­тың сандық жүйесімен, так­т­­и­ка­лық компьютерлермен және ба­қылаудың автоматты басқару жүйе­­сімен жарақтандырылған. “Айбат” та әуе нысандарын атып түсіруде өзінің айбатын таныта алды. Жаттығуларда еліміз Қарулы Күш­терінің авиациясы да бақы­лау­шылардың назарын өзіне ау­дар­ды. Бүгінде Әскери-әуе күштері қуатты зымыранды және зеңбірек­тік қа­рулармен жарақталған ұшақ­­тар және тікұшақтармен жабдық­тал­ған. Олар – майдандық және бом­­балаушы МиГ - 31, МиГ - 29, МиГ-27, Су-27 сынды әуе қарулары. Жаттығуларда Қазақстан, Қы­тай және Ресей ұшқыштары әуеде қоян-қолтық әрекет етті. Әскери ұш­қыш­­тар бір мезетте ұшып шы­ғып, бел­гіленген уақытта берілген тап­сыр­маны асқан дәлдікпен орындады. Бес елдің қарулы күштерінің ба­сын қосқан халықаралық жатты­ғуларда қазақстандықтар аянып қалған жоқ. Оған дайындық пен өт­кізуде өзгелерге үлгі боларлық қы­рын танытты десек артық айт­қан­­д­ық емес. Бұл әскери оқу-жат­ты­­ғулары төл әскеріміздің мәрте­бе­­сін арттырып, мерейімізді өсір­­ге­­ніне тағы бір куә болдық. Оны ал­ыстан ат арытып келген мей­ман­­дарымыз да бірауыздан құптады. Мұхарбек МАХАМБЕТ, майор. ------------------------------ Суреттерді түсірген Қайыр Дінбаянов.