• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

“Болашақтың” туы көтерілді

365 рет
көрсетілді

Ертеңін ойлайтын Ерейментау “Бар жақсымыз – балаларға!” ұра­нын аспандатумен келеді. Соның бір айғағы ұлттық тілде тәлім-тәрбие беретін 320 орындық “Болашақ” балабақшасының салтанатты жағ­дайда ашылуы дер едік. Александр Демидов басқаратын “Ақмола құрылыс материалдары” ЖШС 421,5 миллион теңгеге ба­ға­ланған құрылысты кестелі мерзімде аяқтады. Мұнда озық мекеме дәре­жесіндегі талаптардың барлығы қа­рас­тырылған. Жоғары сұра­ныс­тағы бөбектер ордасында қазірдің өзінде 12 топ құрылып отыр. Балабақша меңгерушісі Айнагүл Ома­рова жаңа нысанда 103 жұмыс ор­нын ашу жоспарланып отырғанын айтады. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.