• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2010

Нұротандықтар қатары толығуда

369 рет
көрсетілді

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыс­тары бойынша “Батыс” өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бір топ қызмет­кері “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының мүшелігіне өтті. Аталған шараға “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы қатысып, инспекция ұжымының 36 қызметкеріне партия билет­терін тапсырды. Оның алдында қаладағы №25 және №26 орта мектептердің ұстаздары да партия мүшелерінің қатарын толық­тырған болатын. Жалпы облыста “Нұр Отан” ХДП мүше­лігіне өтуге тілек білдірушілер қатары күн сайын көбейіп келеді. Соңғы екі айда ғана “Нұр Отан” ХДП қатары 1500 адаммен толы­ғыпты. Қазір облыстағы партия мүше­лерінің саны 30 мыңнан асады. Олар 421 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.