• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2010

Отандық телеарналарды алмастырған “тәрелкелер”...

511 рет
көрсетілді

Мәселенің мәнісі ______ Десек те, бұған қосар жақсы жаңалық, яғни, алдағы желтоқсан айынан бастап спутниктік телехабарлар шалғайдағы ауылдарға дейін жетеді деген үміт бар. Бұл елімізде телеарналар тұңғыш рет спутниктік сандық желі бойынша жұмыс жасайды деген сөз. Осы мүмкіндікті алғашқы болып қанатқақты жоба ретінде керекулік көрермендер пайдалана  алса,  тіптен жақсы. Жалпы, бұл күндері облыс тұрғындары негізінен “Қазақстан”, “Хабар”, “Еларна”, “Евразия”, “Ас­тана” сияқты телеарналарды кө­реді. Облыс халқының 60 пайы­зы ауылда тұрады. Бірақ, облыс­та­ғы ауылдардың отандық теле­ар­на­ларды көру мүмкіндігі әлі де болса шектеулі. 14 мыңға жуық ауыл­дық­тар өз еліміздің емес, Ресейдің телехабарларымен, сол жақтың жаңалықтарымен жақсы таныс. Осы күндері облыстағы 70 ауыл­да қуаты әлсіз, сонау Кеңес Одағы кезінде орнатылған теле­құ­рыл­ғылар жұмыс істеп тұр. Сон­дық­тан, ауылдағылар жыбыр-жы­быр, қыбыр-қыбыр отандық ар­на­лар­дың не суретін, не дыбысын дұрыс ести алмаған соң, “спутник­тік” тәрелкені сатып алып төбеге шаншып қойып бүкіл дүние көз алдында, таң-тамашаға кенелуде. Ал өзі өмір сүріп отырған елде, облыста, Астанада не болып, не қойып жатыр – одан хабарлары аз. Мысалы, Лебяжі ауданының шал­ғай­дағы  Шоқтал, Жабағылы, Май­қа­рағай, Төсағаш, Шақа  ауылдары отандық телехабарларды бірде көр­се, бірде көре алмайды. Көрсе де, жоғарыда айтқан қуаты әлсіз теле­құрылғылардың шамасы жетпеген­дік­тен хабарлар сапасыз болады. Аудан орталығы Аққулыда 80-жылдары орнатылған телемұнара­ның биіктігі 200 метр, ал, оның хабар тарату шеңбері 80 шақы­рым­ды ғана қамти алатын көрінеді. Сол сияқты  Ресеймен шекаралас  Же­ле­зинка, Успенка, Ертіс, Қашыр, Шарбақты аудандарының ауылда­рын­да да сондай жағдай. Біз осы ма­қаланы жазу барысында хабар­ласқан кезде  аудандық ішкі саясат басқармаларының бастықтары бар­лығы дерлік  жаттап алғандай бір­ауыздан “Хабар” да “Қазақстан” да, барлық телеарналар көрсетеді, “тәрелкелер” де қаптап тұр, оны да көреді, онсыз болмайды, “тәрел­ке­лердің” хабарлары жақсы, өзіміз де көреміз, халық соған үйренген, бәрі жақсы, бәрі күшті”, деп жауап бер­ді. Біз жолсапарда болған кезі­мізде  білдік, Шарбақты ауда­ны­ның Бо­табас, Сүгір, Есіл­бай, Николаевка, Құлат, Боз­алаң, Завровка ауылдары отандық телеарналарды көруден баяғыда қол үзіпті, айнала қаптаған “тәрелке”. Облыстағы Май ауданының шалғайда жатқан Ақжар, Ақшиман, Май ауылдарында да осы жағдай. Ал, “Хабар”, “Қазақстан-1” телеар­наларының бұл жердегілер аттарын да ұмытып қалған шығар. Жуырда біз Ертіс ауданының шалғай ауыл­дары  Бескепе, Бұланбай ауыл­дарында болдық. Бұл ауылдарда сол Ресей тиіп тұрған соң деп, өзге елдің хабарларына телміріп, там­санып отыр. Тіпті, аудан орта­лы­ғының өзінде байқағанымыздай, мемлекеттік қызметте жүрген кей­бір шенеуніктердің өздері үйлерінде “Хабар”, “Қазақстан” телехабар­ларын емес, “тәрелкенің” қызы­ғын тамашалайтынын көріп таң­ғал­дық. Қай бастықтың үйінде тәрелке ілініп тұрғанын да  оңай байқауға болады. Кезінде орысша оқыдық, қа­зақша ұға  бермейміз, бізге ыңғай­лысы осы тәрелке ғой деген де жауаптар алдық. Ақтоғай ауданы­ның алыс ауылдары Жолболды, Шұға, Шілікті деген жерлерінде де сондай жағдай орын алған. Ре­сей­мен көршілес Қашыр ауданында ішкі саясат бөлімінің бастығы Гүл­баран Ермекқызының айтуынша, “бәрі жақсы”, ауылдар отандық ха­барларды көреді, ал, “тәрелкесіз” тағы болмайды”. Железинка ауданының Уәлиханов, Озерный, Жаңабет сияқты ауылдарында да қаптаған “тәрелке”. Ал баянауылдықтардың облыс телехабарларын көрмегеніне талай жыл болды. Ауылдардың отандық телеарналарды көрулеріне қол жет­кізу мәселесі талай жылдар бойы айтылып келе жатқан жағдай. Ен­дігі бар үміт сандық телехабар та­ра­ту жобасында. Ол арқылы рес­публикалық және аймақтық телеарналар таратылмақ. Бұларды көру үшін ауылдықтар енді арнайы құралдар сатып алулары керек. Ол құрылғылар 15 мың теңге тұрады. Аудандардағы ішкі саясат бөлім­дері, мұғалімдер  халыққа, оқушы­лар­ға өздері үлгі болып, алдын-ала отандық телеарналар жайлы ақпар беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбесе, “тәрелкеге” үйреніп қалған мінез-құлықты өзгерту де қиын болар-ау. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.