• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Ұйым Саммиті – жетістігіміз бен мақтанышымыз!

417 рет
көрсетілді

Осындай тақырыппен қалалық әкімдіктің мәжіліс залында дөңге­лек үстел өткізілді. Оған әкімдіктің жауапты қызметкерлері, жергілікті мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, саясаттанушы ғалымдар, сондай-ақ жергілікті дін басылары қатысты. Дөңгелек үстел басындағы  жи­ын­ды қала әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбеков кіріспе сөзбен аша келіп, Астанада өткелі жат­қан ЕҚЫҰ Саммитінің мән-ма­ңызына кеңінен тоқталды. Шын­ды­ғында, Астана Саммитін ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің бәрінің қолдап дауыс беруі көп нәрсені аңғартса ке­рек. Ол – еліміздің, Елбасы­мыз­дың әлемдік қоғамдастық алдын­да­ғы зор беде­лінің арқасы. Ал 11 жыл­дан кейін өткізіліп отырған мұн­дай алқалы жиын тек Қазақ­стан, яки ЕҚЫҰ-ға мүше елдер үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі ауқымды шара. Оған серіктес елдер басшы­ла­рының, ха­лық­аралық ұйым жетек­шілерінің, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің де көптеп ке­ліп отыр­ғаны  соның жарқын бір айғағы. Осындай пайымдаулар дөңгелек үстел басындағы жиында жан-жақ­ты тарқатылып айтылды. Жинал­ған­дар еліміздің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы үлесін нақтылы мысалдармен айтып берген жергілікті үкіметтік емес ұйымының вице-президенті Нико­лай Исаевтың да сөзін зейін қойып тыңдады. Сондай-ақ,  орталық ме­шіттің бас имамы Тыныштық қажы Яхияұлының діни орындардың демократиялық қоғамды дамыту­дағы үлесі туралы әңгімесі де әсерлі шықты. Дөңгелек үстел басындағы жи­ын­ға қатысушылар бұдан кейін өзара пікір алмасты. Жиын соңын­да онда айтылған ұсыныстар бір­ауыз­дан қабылданды. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Cемей.