• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2010

Жаңа мүмкіндіктер жолы

633 рет
көрсетілді

Кеше Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ғимаратында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен «Біртұтас экономикалық кеңістік – Қазақстанныњ жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел болып өтті. Сонымен қатар БЭК шеңберінде қабылданып үлгерген келісімдер туралы да әңгіме қозғалды. Алдымен Вице-премьер Бір­тұтас экономикалық кеңістік тура­лы кеңірек тоқталып өтті. Онда бү­гінгі күні БЭК шеңберінде қол жеткізілген құжаттар мен келісімдерден қазақстандықтар қаншалықты ұтпақ деген мәселе сөз болды. БЭК-ті құ­рай­тын түрлі салалар бойынша қабылданған бұл келісімдер туралы нақты қандай жетістіктерге қол жеткендігі туралы министрліктер бас­шы­лары да баяндап берді. Эконо­микалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құ­сайынов, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Гүлшара Әбді­қалықова, Қаржы министрі Бо­лат Жәмішев, Табиғи монопо­лия­лар­ды реттеу агент­тігі­нің төрағасы Нұрлан Алдабергенов өз кезегінде БЭК-тің қалыптасу үдерісі туралы баяндап, сондай-ақ бірқатар келісімдерге тоқталды. Атап айтсақ, БЭК-ке мүше мемлекеттер арасындағы қызмет көрсету, сауда және инвестиция туралы келісім, өнеркәсіптерге субсидия беру­дің ортақ ережелері, келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу, сонымен қатар темір жол көлігі саласында тарифтік саясат негізін қоса алғанда табиғи монополия қызметіне қолжетімділікті реттеу туралы келісім, үш ел ішінде еңбек етуші мигранттар мен олардың отба­сы мүшелеріне қатыс­ты құқық­тық статус беру туралы келісімдер кеңірек талқыланды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.