• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2010

Электронды тіркеу – уақыт талабы

456 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы М.АХМЕТЖАНОВПЕН әңгіме.

– Марат Мұратұлы, Елбасы құқық қорғау органдарының на­зарын ведомство ішіндегі мүддеден азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға аудару жөніндегі жұмыстарды жеделдете жүргізуді тапсырғаны белгілі. Осы бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр? – Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында қазір көптеген шаралар іске асырылуда. Соның бірі – құқық қорғау органдарының жұмыс айқын­дылығын қамтамасыз ету. Мәселен, Бас Прокурор бастамасымен аталған заң бұзушылықтарға жол бермес үшін Астана қаласы мен Павлодар облы­сы­ның ішкі істер органдарында азамат­тардың арыздарын электронды есепке алу жөнінде тәжірибе басталды. Бас­тапқы жобаның нәтижелерін Прези­дент Әкімшілігі мақұлдады, осыған байланысты мұндай тіркеу облыс орталықтарының және республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер органдарына да ендірілу үстінде. – Мұндай электронды интерактивті режім бірнеше мәселелерді бір уа­қытта шешуге мүмкіндік бере ала ма? – Әрине, мәселен, он-лайн тіркеу жү­йе­сіне тіркелген азаматтық-құқық­тық дауларға жататын өтініштер мен ха­барламаларды жан-жақты жедел анық­таудың мүмкіндігі зор. Жалпы өтініш­терді электронды тіркеудің тиімді жағы тұтастай есептік-тіркеу тәртібіне про­курорлық қадағалаудың күшеюі болып отыр. Соның арқасында қабылданатын процессуалдық шешімдер үшін жауап­тылық күшейеді, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен хабарла­ма­ларын қараудың қағазбастылығы қыс­қарады, жауапты қызметкерлердің жұ­мысбастылығы азаяды, қаржы поли­ция­сы қызметкерлерінің тараптармен про­цес­суалдық емес байланыстары кемиді. Сондай-ақ қаржы полициясы орган­дарының бастамасы бойынша жүргізі­летін кәсіпкерлерді тексерулердің саны, кәсіп­керлік қызметке орынсыз араласу­шылық қысқарады, олардың тергеуіне жатпайтын қылмыстар бойынша жүр­гізілетін тексерулер де азаяды. Бұған қоса, ведомстволық бақылау жақсара түседі деп ойлаймыз. – Арыздарды электронды тіркеу­дің қазіргі нәтижесі қандай? – Қазіргі кезде қылмыс жөніндегі арыздарды электронды тіркеудің ендірілуі есептік-тіркеу тәртібінің нығаюына әсер етті. Мәселен, ішкі істер орган­дарында қарау мерзімдерін сақтау және олар бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдауда оң үрдістер байқала бастады. Бірқатар облыстарда өтініш­терді қараудың жылдамдығы артты, яғни 3 тәулікке дейінгі мерзімде қарас­тырылған өтініштер саны ұлғайды. Сондай-ақ, республиканың жекелеген аймақтарында қарауда жатқан өтініш­тер саны азайды. Демек, енді ішкі істер органдарында сынақ жүргізудің нәти­же­сінде қаралмаған өтініштер саны қыс­қарып және жедел қызмет көрсету бай­қалса, қаржы полициясы орган­да­рында бастапқы жобаның нәтижесі­нен-ақ кә­сіп­керлік қызметке негізсіз арала­су­шы­лық фактілерінің төмендеуін кү­ту­­деміз. – Бұл арада бақылаушы органдар қандай міндет атқара алады? – Қосымша тексерістер аясында ба­қылаушы органдар қаржы полиция­сының өтініштері мен тапсырмалары бойынша кәсіпкерлерге тексерулер жүр­гізе алады. Осыған байланысты, бұрын атап өткенімдей, егер түскен арыз­дар­дың тең жарымының құрамында қыл­мыстың болмауына байланысты оларға қылмыстық істі қозғаудан бас тарту көзделсе, кәсіпкерлердің қызметіне мұндай араласу әрқашан орынды бола ма деген мәселе туындайды. Электронды өтініштер он-лайн режімінде түскен сәттен бастап азаматтық-құқықтық дауларға жататын арыздар мен хабарламаларды тіркеу мен қо­сымша тергеуді жүргізуді талап етпейтін рапорттардың негізсіз тіркелуін жедел анықтауға мүмкіндік туады. Соны­мен қатар, тексерулерді та­ғайындау туралы актіні тіркеу кезінде электронды құжаттарды алдырту арқылы қылмыс туралы өтініштің нақты болуын тексеру жүзеге асырылады. – Сонымен қараша айының бірінен бастап электронды талон бо­йын­ша қанатқақты жоба іске қо­сыл­ды. Енді ол туралы жұрт не білуге тиіс? – Аталған жоба ішкі істер ор­ган­дарында қылмыс және басқа да оқи­ғалар бойынша өтініштерді қабыл­дау жөніндегі талонның электронды түрі ретінде сы­нақтан өткізілмек. Өтінішті тіркегеннен кейін кезекші бөлімнің жедел қызметкері талонға қайталанбас нөмір басады. Осы нөмір арқылы өтініш беруші интернет желісіне еніп біздің www.pravstat.kz сай­тымызды ашып өтініштің қаралу бары­сын бақылай алады, яғни кез кел­ген уақытта қажетті ақпарат алуына мүм­кіндік бар. Бұл өтініш берушілерді ішкі істер орган­дарына қайта-қайта сұрау жолдаудан арылтады және орын алған қылмыс пен оқиғалар туралы арыз­дары­ның қаралатындығына сенім молаяды. Сонымен қатар, Бас Про­ку­рор­дың бастамасы бойынша тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік орган­дардың жұмысындағы айқынды­лық­ты қамтамасыз ету, азаматтар өздерінің берген өтініштерінің қара­лу барысы туралы толық­қанды мәлі­меттерге қол жеткізулері мақ­сатында, 2010 жылдың 15 қара­ша­сында Көкше­тау қала­сының жекелеген мемлекеттік органдарында «Ай­қын» қанат­қақты жобасы жүзеге асты. Тәжі­рибе 2011 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ.