• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2010

Әлемдік прогресс – балалар үшін

602 рет
көрсетілді

Барыс  жылы тарихи оқиғаларға толы бо­луымен есте қалатыны анық. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі әр қазақстандықтың мақтанышы. Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Толе­рант­тылық ұғымдарын насихаттаған Астана Саммитінің де діттеген мақсатынан көрінгені көңіл өсірді. Осы саммитте ұлтаралық келісім, татулық, халықтар достастығы, елдердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы басты назарда болды. Өйткені, бұл бүгінде бүкіл әлем жұртшылығын алаң­да­тып отырған проблемалар. Ал оларды әлемдік қоғамдастық осындай үлкен жиындарда қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижесінде ғана еңсере алатыны ақиқат. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассам­блеясында қабылданған Бала құқықтары ту­ралы конвенцияда: «Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті және әрбір бала өмір сүру құқығына ие, мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті»,  деп атап көр­сеткен. Бұл тұрғыдан келгенде, елімізде өске­лең ұрпақтың жарқын болашағын, бейбіт өмір сүруінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен олардың білім алуына барлық жағдай жасау ең негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Алқалы жиында бұған қатысты өзекті мәсе­лелер қаралып, балалардың құқығын қор­ғау­дағы түйткілді мәселелердің талқыланғандығы да бізді қуантты. Әрине, әлем елдерінде аса ауыр жағ­дайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екендігін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір мемлекет халқы атсалысуы тиіс демекпін. Ал өз елімізде атқарылып жатқан осы бағыттағы игілікті жұмыстар басқалардың назарын ауда­рып, ойлантары анық. Өңірде балалардың құқықтарын қорғау туралы кешенді шаралар ұйымдастырылып, оларға қоғамның, отбасының қолдауы мен қорғауын сезіндіру мақсатында тыңғылықты жұ­мыстар атқарылуда. Нәтижесінде, ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балалар мем­лекет тарапынан қамқорлыққа алынып, алаң­сыз өмір сүру мүмкіндігіне жетіп отыр. Ал өз жұмысын табысты қорытындылаған саммит нәтижесінде әлем елдері прогреске қол жеткізіп жатса, оның әсері балаларға да оң ықпалын тигізетіні анық. Гүлнәр ЕРМЕКБАЕВА, Алматы облыстық балалардың  құқықтарын қорғау департаментінің директоры.