• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2010

Әлем өткен аптада

397 рет
көрсетілді

ҚҰРЫЛМАЙ ЖАТЫП ТАРАДЫ Апта басында парламент сай­лауынан кейін екі ай өткен соң ғана Қырғызстанда коали­ция­лық үкі­метті құруға мүм­кін­дік туды деген хабар тарап, одаққа біріккен Социал-демо­кра­тиялық партия, «Атамекен» және «Респуб­ли­ка» партия­ла­ры үкімет құ­ра­тын болды деген еді. Бірақ апта ая­ғында олар­дың билікті бөлісе алмай, та­рап тынғаны жөнінде хабар жетті. ЖАСЫРЫНЫП БАРҒАН Қазір жасырын жүру қиын. Ресейлік РБК агенттігінің ай­ту­ын­ша, АҚШ президенті Ба­рак Оба­ма Ауғанстанға жасы­ры­­нып бар­ған екен, бірақ оны­сы жылдам ашылып қалды. Тү­йені жасыру қиын сияқты нәр­се ғой. Әлемнің алып елінің бас­шысының көрін­бей жүруі мүм­кін еместей. Барғандағы негізгі мақсат – Ау­ғанстан президенті Хамид Кар­­займен жеке сөйлесу екен, оның да сәті түспепті. Ауа ра­йы­ның қолайсыздығынан жо­лы­­ға алмай, тек телефонмен ға­на сөйлесіп, өздерінің сол ел­де­гі әскери­лерімен жолығып қана қайтыпты. КАДДАФИ ҚОРҚЫТАДЫ Жақында Ливия астанасы Триполиде өткен Африка ода­ғы мен Еуроодақ елдері саммитінде шын мәнінде келісім мен ын­ты­мақ­қа қол жете қоймады. Жиын­ды ашқан сөзінде Ливия кө­семі Муамар Каддафи осы­дан үш жыл бұрын Порту­га­лия­дағы саммитте қабыл­дан­ған «стратегиялық серіктестік» бағ­дарламасы жүзеге ас­пады, де­ді. Африка енді Еуропа емес, Ла­тын Америкасына, Қы­тай, Үн­дістан, Ресейге бет бұ­ра­тын­­дығын аңғартты. Ең соңында Каддафи Еу­ро­одақ 5 миллиард еуро бермесе, олар­ға қарай иммигранттарды қаптатып жіберіп, Еуропаны Аф­ри­каға ай­нал­дырамыз деп қор­­қытты. НӘТИЖЕСІЗ САЙЛАУ Бұлай дегенде, Молдова­да­ғы парламент сайлауының нә­тижесі елде қалыптасқан жағ­дайды реттеуге көмектеспейтін болып отыр. Өйткені, сайлау қо­ры­тын­дысы бо­йынша коали­ция­ға біріккен сол­шыл цен­трис­тер тағы да президентті сай­лайтындай ман­дат­қа ие бола алмады. Ал олар­дың осы сай­лауда көбірек дауыс алған ком­мунистермен одақ­та­суы екіталай. Сонда қалай болмақ? Тағы да жа­ңа сайлау өте ме? Дәл осын­дай жағдай қайталана беруі мүм­кін ғой. Ел тағдыры үшін молдовандар ұлттық келісім жолын із­дес­тіруі керек-ақ. ЖҰМБАҚ СОНЯ Жақында өткізілген сауалдама бойынша әлемдегі ең беделді қайраткерлердің онды­ғы­на кірген Үндістан Ұлттық Кон­гресі пар­тиясының көсемі, бұ­рынғы премьер-министр Рад­жив Ган­ди­дің же­сірі Соня Ганди ра­сын­да да жұмбақ адам. Оның досы да көп, жауы да көп. Ең бастысы – қалың ха­лық жақсы көреді. Соның ар­қасында оппозиция­да­ғы ҮҰК­ пар­тиясы сайлауда же­ңіп шықты. Бірақ Соня Ганди үкіметті бас­қарудан бас тартып, оған бас­қа­ны отырғызды. Оның қан­­дай дінді ұстанатыны да бел­гісіз. Жа­­қында біреу дінін айтсын деп оны сотқа да берді. Сот сенім-наным әр­кім­нің өз ісі деп Соняны ақтап шықты. ЕСКІНІҢ ОРНЫНА – ЖАҢАСЫ Украина президенті Виктор Янукович алдымен Жоғарғы рада қабылдаған «Салық кодексін» ма­құл­дамай, кәсіп­кер­лер­дің қар­сы­лығына құлақ ас­қан еді. Сонымен бірге, оған іле-шала біршама өз­герістер ен­гі­зіп, оны Жоғарғы ра­даға ма­құл­датып, жаңа салық кодексін қабылдап жіберді. Бұл алаңға шығып, қар­сы­лық біл­дірген кәсіпкерлердің кө­ңі­лі­нен шықты ма, жоқ па, бұл жағы бел­­гісіз. Сондай-ақ, кә­сіпкерлер пар­ламентті тарату жө­нінде де талап қойған еді. Президент оған құ­лақ аспағандай. Әзірлеген Мамадияр ЖАҚЫП.