Көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази «Қорқау жұлдыз» атты романын 1987 жылы жазған болатын. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін іле қағазға түскен осынау шығарманы сол кезеңдегі Кеңес империясының әділетсіздігіне, астамдығына жазушының ішкі қарсылығы еді десе де болады.
Қашанда айтар ойын астарлап жеткізетін жазушы шеберлігі бұрыннан-ақ бәрімізге белгілі. «Қорқау жұлдыз» романының аты айтып тұрса да, осы жазушы шеберлігі кеңестік жүйені қапыда қалдырды, 1988 жылы бұл еңбек жарыққа шығып, жұртшылық қолына тиген болатын. Тіпті кейіннен бұл кітап орыс тілінде де жарық көрді.
Міне, содан бері де бірқатар уақыт өтті десек, енді осы «Қорқау жұлдыз» биыл Кэтрин Жудельсонның аудармасымен ағылшын тілінде Лондон қаласында басылып шығып отыр.
«Егемен-ақпарат».