Ақпарат айдынындағы байырғы басылымдардың бірі –облыстық «Огни Алатау» газетіне бұған дейін «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарып келген жазушы-журналист Әміре Әрін бекітілді.
1918 жылдың 8 наурызынан «Семиреченские ведомости» газетінің негізінде Жетісу ревкомның органы – «Заря свободы» газеті ретінде оқырманға таныс басылымды осы мерзімге дейін Вениамин Ларин, Надежда Вержбицкая, Геннадий Толмачев, Надежда Гарифуллина, бүгінде зейнет демалысына шыққан Валерий Оверко басқарып келсе, енді басылым тізгінін мемлекеттік және орыс тілдеріне жетік әріптесіміз қолына алды.
Облыс әкімі Серік Үмбетов жаңа редакторды қабылдап, егемен еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастырумен қатар, Елбасының тапсырмасын жүзеге асырудағы Жетісу жерінде қолға алынған жұмыстарды дер кезінде көрсету, шығармашылық ұжымды жұмылдыру міндетін тапсырды. Еңбегіне табыс тіледі.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.