Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
– Құрама Штаттар Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынасымызды жоғары бағалайды. Біздің елдеріміз арасындағы тығыз өзара қарым-қатынастар халықаралық бейбітшіліктен бастап, таратпауға дейінгі қауіпсіздік қызметінің кең ауқымы бойынша біздің ынтымақтастығымызды кеңейтуге және тереңдетуге деген біздің ортақ және берік ұстанымымызды көрсетеді. Мен біздің елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастық жалғаса түсетініне сенемін. Осы маңызды күнді мерекелеу кезінде мен Сізге және Қазақстан халқына табыс пен өркендеу тілеймін, – делінген құттықтауда.