• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Жұлдыздар өндіріс басында клип түсірмекші

544 рет
көрсетілді

Қостанайға Роза Рымбаева бас­­­та­ған Қазақстан эстрадасының бір топ әртістері келіп, өңірдегі жү­зеге асырылып жатқан  үдемелі ин­дус­трия­лық-инновациялық даму бағ­дар­­ла­масымен танысты. Жұл­­дыз­дар «Милх», «Қарасу Ет» серіктестіктерінде, «АгромашХолдинг», «Қос­та­най ұн ком­би­наты» АҚ-тарда бо­лып,  жүзеге асы­­рылып жатқан  ин­вестиция­лық жобаларды көрді. – Біз, әртістер, елімізде өркен­деп келе жатқан өндіріс орын­да­ры­на барып, жүргізіліп жатқан жұ­мыс­­тарды көзімізбен көреміз. Өн­діріспен жете танысу үшін станокта, аппараттарда бір сәт жұ­мыс­шы­лардың орнын алмас­ты­ра­мыз. Станоктарда тұрып, жұмыс­шы киімін киіп жүріп, цехтарда клиптерімізді түсіреміз, әндері­міз­ді жа­за­мыз.  Өйт­кені, жалпы ха­­­­лыққа, көрермен қауымға  өр­кен­деген  ірі өндірісті, яғни кереметтерді таныс­тыр­ғымыз, олар­дың  дамып келе жатқан  эко­но­ми­ка туралы  көбірек білуіне қол ұшын бергіміз келеді, – деді Қа­зақ­стан­ның халық әртісі, эстрада жұл­дызы Роза Рымбаева. Эстрада жұлдыздары Қос­та­най­­да керемет істерге куә болды. Мы­салы, Қостанай қаласының ір­ге­сін­дегі Затобол поселкесінде  өткен жазда ет ұқ­сату кешені тап­сы­рыл­ған болатын. Бұл өңірдегі ең ірі  ұқсату  кәсіпорны болып та­­былады. Мұнда мал етінен тек шұжық қана емес, тағамның бірнеше түрі өн­ді­рі­леді. Енді алдағы уақытта  ірі, ұсақ етіп туралып және бұзыл­май­тын етіп оралған жылына 5400 тонна  ет өндіру  желісін іске қосу жос­пар­ланып отыр. Ал бұ­рыннан да сүт өнім­дерін шығаратын «Милх» кә­сіп­орны  жылдың со­ңы­на қарай өн­­діріске озық жаб­дықтарды қос­қалы отыр. Соның нәтижесінде, сүтті ұқсату, одан түрлі өнімдер алу­дың жаңа әдіс­те­рі іске қосылып, азық-түлік мол­шылығы мен сапасы арта түспек. Өйткені, кәсіпорын ал­дағы уақытта тәу­лігіне 150 тонна  сүт өңдейтін болады. Бұл игілікке  60 жұ­мыс орнын қосыңыз. «Қостанай ұн комби­на­ты­ның» да­бысы  еліміздің барлық шал­­­ғайына бұ­рыннан белгілі. Өйт­кені,  оның диірменінен шық­қан са­палы ұн тек елімізге ғана емес,  алыс-жақын шет елдерге де асып жа­тыр.  Соңғы жыл­дары  мұн­да озық технологиямен са­па­лы макарон да өндіріледі. Жыл­дың аяғына дейін қысқа кесілген макарон өнімдерін өндіретін тағы бір цехтың құрылысы аяқталмақ. Комбинатта бір сағаттың ішінде  4200 кило ма­ка­рон  өндіріледі. Ал жаңа цех 80 адамға жұмыс орнын ұсынады. «АгромашХолдинг» АҚ тек өңір­дің ғана емес, ре­спуб­ли­ка­да­ғы  ауыл­шаруашылық техни­ка­ла­ры пар­­кін жаңалауды  мақсат тұ­тып отыр­ған  ірі кәсіпорын.  Жыл аяғына дейін мұнда  сауда-сервистік орталықтарды кеңей­ту, ауыл­ша­руашылық техникаларына сервистік қызметті жақсарту  жобасы  жү­зе­ге аспақ. Бұл ірі жобаны  Қа­зақ­станның Даму банкі қар­жы­лан­ды­рып отыр.  Кәсіпорынның тоғыз фи­лиалы жұмыс істейді. – Өңірімізде келген қонақ­тар­ға  мақтана  айтатын жағымды жа­ңа­лық­тар бар, – деді эстрада жұл­дыз­дарын қарсы алған облыс әкімі Сергей Кулагин. – Соңғы жыл­дары «АгромашХолдинг» кә­сіп­орнында Корея, Жапония және Ресей жеңіл ав­томобильдері құ­рас­тырылады. Таяу уақыттарда бұл тек облыстағы ға­на емес, республикадағы ең ірі  өн­дірістік жобалардың біріне ай­нал­ға­лы тұр. Әкім «орамал тон болмайды, жол болады» дәстүрімен қазақ эс­тра­дасының ең жарқын жұл­ды­зы Роза Рымбаеваға «АгромашХолдингтен» жаңа шыққан  Ssangyong Actyon автомәши­не­сі­нің кілтін ұс­тат­ты. Бұл Роза Қуаныш­қы­зының сахнадағы шы­ғар­машылығының 35 жылдығына да тамаша тарту болды. Айтпақшы, 21 желтоқсанда  бо­ла­тын  еліміздегі индустрия­лық-ин­но­вациялық жобалар тұ­сау­ке­се­рін­де жұлдыздар көріп танысқан қос­та­найлық керемет іс­тер туралы да айтылатын болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.