• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Тіл білімінің тарланы

1415 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық уни­верситетінде  көрнекті тіл маманы, ҚазКСР ҒА коррес­пон­дент-мүшесі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты,  филология ғы­лым­дарының док­торы, профессор Ахмеди Ысқақовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазіргі қазақ грамматикасы мен тер­ми­но­ло­гиясын зерттеудің негізгі бағыттары» атты халықаралық ғы­лы­ми-теориялық конференция өтті. – Қазақ тілі ғылымы сала­сын­да ең бір жұлдызы биік жан болса, ол – Ахмет Ысқақұлы, – деді бас баян­­да­машы, А.Байтұрсын­ұлы атын­­да­ғы Тіл білімі инсти­ту­ты­ның бас ғы­лы­ми қызметкері, профессор Ербол Жан­пейісов.  – Оның тіл про­б­ле­ма­ла­ры тө­ңі­ре­гін­де қалам тартпаған мә­селесі жоқ. Орта мектеп пен жо­ға­ры оқу орын­дарына арнап оқу­лық­тар, екі жүзден астам ғылыми ма­қала, мо­но­графиялық еңбектер жаз­ды. Қа­зақ тілінің лек­сико­гра­фи­ка­лық, гра­фикалық, пунк­туа­ция­лық, ор­фо­­графиялық, тер­миноло­гия­лық жүйелерін қа­лып­­тастыруға көп жыл­дар ат­са­лыс­­ты. Оның 20 жыл­­ға жуық жазған «Қазіргі қа­зақ тілі. Морфология» атты оқу құ­­ралы қазақ грамматикасы ту­ра­лы бас кітапқа айналды. – Ахмеди Ысқақов – А.Бай­тұр­сынов бастап берген  қазақ тілі білімінің негізін қалаған І.Ке­ңес­баев, Т.Сауранбаев, Қ.Жұ­ба­нов, М.Ба­лақаев секілді аға буын тіл ма­ман­дарымен бірге кө­те­ріл­ген  ғұ­­­­ла­ма ғалым, сондай-ақ, көп шә­кірт даярлаған    кемел ұстаз, – деді ға­лымның шәкірті А.­Бай­­тұрсынұлы атындағы Тіл білімі    институтының бас ғылыми қыз­­меткері, филология ғылы­мдары­ның док­торы, профессор Сейдін Би­зақов. – Ол кісінің қазақ тілі бі­лімінде қалам тартпаған саласы жоқ. Әсіресе, тіл білімі саласына, грам­матиканың ең қиын да күр­де­лі саласы – морфологияны да­мы­ту­ға зор үлес қосты. Ахмеди аға­ның білімі ол кісінің шұрайлы тілінен анық байқалатын. Стилі керемет тар­тымды, әсерлі, жағым­ды еді.  Ахаңның стилінен көп шә­кірттері үйреніп, көңіліне түй­ді. Соның бірі мен едім.   Ол кісінің шә­кірт­те­рін зейін қойып тың­дай­ты­ны ұнайтын.  Бас­ты ең жақсы қасиет­терінің бірі – қа­зақы бұрма мінезі жоқ, не айтса да әділетін, турасын, бетің бар, жүзің бар демей ай­татыны. Бұл мінезі кейбіреулерге  жақпай қалса да, шә­кірт­теріне қат­ты ұнайтын. Иә, қазақ халқының маңдай­ал­ды ұлдарының бірі Ахаң артында бай мұра қалдырды.  Қазақ тілі мор­­­­­­фологиясы, қазақ әдеби тілі­нің та­рихы, емле мәселелеріне ар­нал­ған  «Еліктеу сөздер» (1948), «Кө­мек­­ші есімдер» (1950), «Грам­ма­тиканың кейбір мәселелері» (1948), «Қазақ тіліндегі үстеулер» (1950),  «Қазақ тіліндегі түбір сөз бен туынды сөз» (1963), «Мор­фо­ло­ги­ческая структура слова и имен­­ные части речи в современном казахском языке» (1965),  т.б. 200-ден астам еңбектің авторы. – Ғалымның қазақ тілі лекси­ко­графиясы саласындағы еңбек­те­рі – өз алдына бір төбе, – деді  А.Бай­тұр­сынұлы атындағы Тіл бі­лімі инс­титутының директоры, фи­лология ғылымдарының док­то­ры, про­фессор Шерубай Құр­ман­бай­ұлы. – Ол  «қазақша-орыс­ша», «орыс­ша-қазақша» сөз­дік­терін құ­­растырушы және редак­то­ры­ның бірі болды.  Оның бас­қа­руы­мен «Абай тілінің сөздігі», он том­дық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көр­ді (1974-1986). Бұл сөздіктер қоғам мүшелерінің қа­же­тін өтеген, орны бөлек өте маңызды құрал болды.  Қазіргі кезде  «Мәдени мұ­ра» бағ­дар­ла­ма­сы аясында біз­дің институт қыз­меткерлерінің құрас­ты­рып, толықтыруымен шығып жатқан «Қа­зақ әдеби тілінің сөздігі» – қа­зақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінің заң­ды жал­ғасы. А.Ыс­қақов ғылым­дағы осы ерен ең­бектері үшін     ҚазКСР Мем­­­­ле­кет­­­тік сыйлы­ғы­ның лау­реаты ата­нып, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ор­ден­де­рімен және көп­теген медальдармен марапатталды. Жиын барысында қуанышты хабар келіп жетті.   Тіл білімі инс­­­ти­туты ғалымға туған жерінде мек­тептің, өзі ұзақ жылдар еңбек еткен Алматы қаласынан бір кө­шенің атын беру жөнінде ұсыныс жасаған екен.    Онда қала әкі­мі­нің аты­на жа­­­­­­зылған өтініштің негі­зінде жуық арада  Алматы қа­ласының көрікті жерінің бірінен  А.Ыс­қақовтың атына көше берілетіні айтылыпты. Бір айта кетерлігі,  конфе­рен­ция­да сөйлеген қазақ тілінің көр­некті өкілдері, ғалымдар Ә.Қай­дар, Р.Сыз­дық, Р.Әмір, Т.Жанұзақ, А.Қа­лы­баева, т.б. өз естеліктерінде те­рең зерттеуші, мықты ұйым­дас­тырушы-басқарушының  ға­лым­ды­ғы­мен қатар,   адамгершілік қа­сиет­­­теріне де тоқталды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.