• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Салтанатты қабылдау жасалды

458 рет
көрсетілді

15 желтоқсанда Мәскеу Мэриясында Ресейде тіркелген шетел дипломатиялық өкілдері басшылары үшін салтанатты қабылдау болды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрсыбеков меймандарды Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы хабардар етті, деп хабарлады ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, ол Мәскеу бас­шылығы мен қазақстандық кәсіпкерлердің көмегімен биыл­ғы жыл аясында өткізілген Мұ­ғалім жылына және Ұлы Же­ңіс­тің 65 жылдығына орай қазақ­стандық батырлар – Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молда­ғұ­лова атындағы мектептерге жаң­ғырту жұмыстары жүргізілгенін және қазіргі заманғы оқу-тех­ни­калық құрал-жабдықтармен жа­рақ­тандырылғанын атап көрсетті. З.Тұрысбеков Мәскеу Мэриясына Ресей астанасында Ржевтағы 100-ші және 101-ші жеке ат­қыш­тар бригадасындағы қазақ­стан­дық жауынгерлерге арнал­ған Ме­мориалдық кешеннің ашылуына байланысты болған Жеңіс пойы­зына қатысушы­лар­дың кездесуін жоғары деңгейде ұйымдас­тыр­ғаны үшін алғысын білдірді. З.Тұрысбеков Мәскеу метро­сы­ның бір стансасына «Қазақ­стан», ал Алматы метросының бір стансасына «Мәскеу» атауын беру туралы екіжақты келіссөз барысы жайын хабарлады. Олар­ды 2011 жылы – Ресей мен Қа­зақ­стан тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай ашу жоспарланып отыр. Қабылдау шеңберінде Зауыт­бек Тұрысбеков Мәскеу Мэрі Сергей Собянинмен кездесті. Қалабасы екіжақты сауда-эконо­микалық ынтымақтастықты те­рең­детуге, қазақстандық инвес­ти­цияларды Ресей астанасына қа­зіргіден де кеңірек тартуға және қазақстандық компаниялардың Мәскеу үкіметінің тендерлеріне қатысуын белсенді етуге ықы­ласты екенін танытты.