Спутниктік сандық телевизияны іске қосу – ұлттық телехабар таратуды жаңа сандық технологияға көшірудің алғашқы кезеңі. Бұл жоба Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сай жүзеге асырылуда.
Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанынан 11 желтоқсанына қараған түні «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-тың спутниктік желісі хабар таратудың жаңа спутниктік DVB-S2 MPEG 4 стандартына ауыстырылды. Жаңа стандарттың артықшылығы – айқындылық сапасы жоғары (HD-форматындағы) арналардың санын арттыру мүмкіндігі. Сондай-ақ, сандық спутниктік ТВ-ны іске қосу арқылы эфирлік таратылыммен қамтылмай отырған алыс елді мекендерді отандық телехабарлармен қамту.
Спутниктік телевизия қызметін пайдалану үшін азаматтар авторластырылған дилерлік желі арқылы спутниктік арнайы қондырғыны (антенна, қабылдағыш) орнатулары қажет. Телехабарларды басқа спутник арқылы көріп отырған тұрғындар үшін DVB-S2 MPEG 4 стандартындағы қабылдағышты орнатып, антеннасын Intelsat 904 спутнигіне бағыттау керек.
«Қазтелерадио» АҚ «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-пен бірігіп, авторластырылған дилерлерді тарту арқылы «Кателко плюс» спутниктік желісі абоненттерінің қабылдағыштарын ауыстыруда. Бұл жұмыс спутниктік телевизия қызметін көрсету туралы келісім-шарттың қолданылу мерзімі аралығында сақтауды өз жауапкершілігіне алу негізінде жүзеге асыруда.
Бұрын хабарланғандай, Байланыс және ақпарат министрлігі сандық спутниктік телехабарларын таратуды дамыту мақсатында облыстық әкімдіктермен өзара әріптестік меморандумдарына қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға спутниктік қабылдағыштарды сатып алу және орнату үшін облыстық әкімдіктер өтемақы төлейтін болады.