• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Көңіл айту жеделхатын жолдады

422 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан­ның халық әртісі, дарынды актер Құдайберген Сұлтан­баев­тың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Құдайберген Тәуекелұлы өзінің актерлік дара дары­ны­мен халқымыздың шынайы сүйіс­пеншілігіне бөленген өнер иесі еді. Оны жұртшылық М.Әуе­зов атындағы Қазақ драма теа­трының әртісі ретінде жақсы біл­ді. Әйгілі «Тамаша» ойын-сауық отауының іргетасын қа­лаушылардың бірі болып, сонда сомдаған сан қырлы, ай­шықты рөлдері арқылы халық­қа кеңінен танылды. Зор абы­рой-беделінің арқасында Парламентке депутат болып сай­ланды. Еңбегі мен жарқын ди­дарын халқымыз әрдайым ұмыт­пайды деп ойлаймын», – делінген жеделхатта.