• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Бәсеке бар жерде сапа бар

933 рет
көрсетілді

Өткен сенбіде «Көрме» сауда-көрме кешенінде «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы өтіп, оның 2010 жылғы жеңімпаздары анықталды.  Көрме-конкурсты ашқан Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың бүкіл жүйесін модернизациялау міндетін алға қойып отырғанын айта келіп, көрмеге қатысушыларды Қазақстанның дамуына қосқан зор үлестері үшін құттықтады. Қай кезеңде болмасын, сапа саласында сайыстар өткізіп, оны дәстүрге айналдыру ісінің кәсіп­орындарда сапа менеджментін да­мытуда оң нәтиже берері сөз­сіз. Соның негізінде ұйым­дас­тырылған «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-конкурстың басты мақсаты – отандық кә­сіп­орындар мен ұйымдар өнім­дері­нің сапасын арттырып, оның қызметін өзектендіру, Қазақстан рыногын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен то­лық­тыруға жағдай жасау, соны­мен қатар, сапа идеяларын көпші­лікке тарату. Көрме-конкурсқа осы жылдың тамыз-қыркүйек ай­ла­рында өңірлерде өткен бизнес өкілдері арасындағы сайыс­тар­дың 145 жеңімпаз кәсіпорны қатысты. Аталмыш кәсіпорын­дар­дың тек республикалық дең­гейде емес, сонымен бірге Кеден одағы рыногына шығуға да мол мүмкіндіктері бар. Айта кетелік, бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, осы саладағы оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында  бекіткен бо­латын. Осыған сәйкес, Премьер-Министрдің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев өзінің құттықтау сөзінде: «Респуб­ли­калық деңгейде өтіп отырған көрме-конкурс қазақстандық бизнес қауымдастық өміріндегі елеулі оқиға. Өз өнімдеріне «Қа­зақ­станның үздік тауары» деген жоғары мәртебе алуға ұмтылып отырған кәсіпорындар мен кәсіп­керлердің саны жыл сайын арта түсуде. Бүгінде қазақстандық кә­сіпорындар өз өнімдерінің сапа­сын арттыруда қосымша инвестицияға мүмкіндік алды. Мәселен, олар дағдарыстан да­муға дейінгі кезеңдерден өтті. Ал конкурсқа қатысушылар са­ны­ның жыл санап артуы ел эко­номикасындағы оң тенденцияны көрсетуде. Кон­курстың барлық кезеңдерінің же­ңімпаздары мен қаты­су­шы­лары өздерінің бизнестегі ба­қуаттылығы мен са­па­лы әрі сертификатталған өнім­дер шы­ға­рып, көршілес елдер­дің өн­дірушілерімен табысты бәсе­ке­лес бола алатындығын дәлел­деді», – деді. Көрме қорытындысы бой­ын­ша конкурстық комиссия  үш номинация бойынша жеңім­паз­дар­ды жариялады. «Өндірістік мақ­саттағы үздік тауарлар» номи­нациясына сәйкес, І дәрежелі дипломант атағын Павлодар об­лысының «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, ІІ дәрежелі дипломант атағын Алматы облы­сы­ның «Қайнар АКБ» ЖШС, ІІІ дәрежелі дипломант атағын Солтүстік Қазақстан облысынан «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС иеленді. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» конкурсына 54 компания қатысқан болса, дәл осы номинация бойынша Қарағанды об­лы­сынан «Сантехпром» ЖШС І дәрежелі, ОҚО «Химфарм» АҚ ІІ дәрежелі, сондай-ақ, «Экотон-Батыс» ЖШС ІІІ дәрежелі дипломант атанды. Соңғы «Үздік азық-түлік тауарлары» номи­на­циясына 60 ірі компания қаты­сып, І дәрежелі дипломант ата­ғын «Рахат» АҚ иеленсе,  ОҚО «Юникс» ЖШС ІІ дәрежелі, ШҚО «Өскемен құс фабрикасы» АҚ  ІІІ дәрежелі дипломант ата­ғын жеңіп алды. Ал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысу үшін рес­публиканың барлық өңірлерінен 434 үміткерден өтініш келіп түскен екен. Оның ішінде кейбір компаниялар бірнеше номина­ция­лар бойынша материалдар ұсын­ған. Комиссия қоры­тын­ды­сына сәйкес, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номи­на­циясы бойынша «Қазақстан темір жолы» АҚ (Астана қаласы) пен «Галицкое» ЖШС (Павлодар қаласы) І дәрежелі дипломант атанды.  «Отқанжар» ЖШС (Қарағанды облысы), «Ата­мекен» ЖШС (ОҚО), сон­дай-ақ, «Тамас» ЖШС (Алматы облы­сы) ІІ дәрежелі дипломант атағы берілді. Ал, ІІІ дәрежелі дипломант атағына «Мерей и К» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Азат и Д» ЖШС (Қостанай облысы) және «Сәулет» ЖШС (ШҚО) ие болды. «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Маң­ғыс­таумұнайгаз» АҚ (Маңғыс­тау облысы) және «Степногор тау-химия комбинаты» ЖШС (Ақмола облысы) І дәрежелі, «Лисаковская монтажная фирма-Имсталькон» ЖШС (Қостанай облысы), «Бином» ЖШС (Жам­был облысы), «Степное» ЖШС (Ақтөбе облысы) ІІ дәрежелі, сондай-ақ, «Алпясбаева» ИП (Павлодар облысы), «Таскала-дән» ЖШС (БҚО), «Агрофирма «Ирина и К» ЖШС ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номина­ция­сы бойынша «Казфосфат» ЖШС (Жамбыл облысы) және «Казгермунай» БК ЖШС (Қызылорда облысы) І дәрежелі дипломант атанып, «Титан» ЖШС (ШҚО), «Мұнайаспап» АҚ (Алматы қа­ла­сы) және «Көкше-Поли­гра­фия» АҚ (Ақмола облысы) ІІ дәрежелі, сондай-ақ, «Арқалық» ҰШ (СҚО), «Павлодар басқару колледжі білім беру ұйымы» ЖМ (Павлодар облысы), «Ал­тын-Әсел» ЖШС (Ақтөбе облы­сы) ІІІ дәрежелі дипломант атан­ды. Тағы бір айта кететін жәйт, осы жылдың 21 желтоқсаны күні «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасының қаты­суымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының Гран при жүлдесі берілетін болады. Шағын және орта бизнес өкілдері арасында әділ бәсе­ке­лес­тіктің орнауына жағдай жа­сайтын мұндай шаралар кәсіп­кер­лердің инновациялық белсен­ділігінің артуына, саланы бас­қарудағы әлемдік ұстаным­дары­ның ілгері жылжуына, олардың сапалы өнім шығарудағы жұ­мыс­тарының тиімділігін арт­ты­ру­ға мол мүмкіндік беретіні белгілі. Мұндай өнімдер тұтыну­шы­лардың сұранысына, техни­ка­лық ережелер мен стандарт­тардың заманауи талаптарына жауап беріп қана қоймай, соны­мен бірге отандық тауарлар ры­ногының дамуына айтарлықтай үлес қосатын болады. Жұлдыз БАЙДІЛДА. ------------------------------------ Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.