АСТАНА. 3 қаңтар. Сауд Арабиясында лаңкестік әрекет жасағаны үшін айыпталған 47 адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Жазаланғандар дені корольдік пен оған көршілес елдер аумағында «Әл-Каида» ұйымдастырған экстремистік шабуылдарға қатысқан. Ал өлім жазасына кесілгендердің 45-і – Сауд Арабиясының, біреуі – Чад, тағы біреуі – Мысыр азаматы.
Айта кетейік, жазаланғандардың арасында Иранда аты танымал, шиіттік ағымның уағызшысы Нимр ан-Нимр бар.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.