• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
03 Қаңтар, 2016

Қазақстанның кейбір аймақтарында бұрқасын соғып, жолдар жабылды

316 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 қаңтар. Елімізде ауа райы құбылып тұр. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында бұрқасын соғып, жолдардың кей бөліктері жабылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, «Ақтөбе-Хромтау» тасжолының Белогорка кентіне дейінгі аумағы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» және «Күршім-Қалжыр» тасжолының кей бөліктерінде, сонымен қатар Қостанай облысындағы «Жітіқара-Мықтыкөл» бағыттарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мұнан бөлек, Қызылорда облысының «Самара-Шымкент» автожолында қозғалыс тоқтатылды. Айта кетейік, еліміздің синопиктері ауа райының қолайсыздығы мен күннің күрт суытуына орай қазақстандықтарды ретсіз далаға шықпау мен абай болуға шақырады. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.