• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қаңтар, 2016

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өсті

374 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 қаңтар. Елімізде 1 қаңтардан бастап зейнетақы, жәрдемақы және жалақы көлемі өсті. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Елімізде 1 қаңтардан бастап зейнетақы көлемі 9 пайызға жоғарылады. Ал мүмкіндігі шектеулі және асыраушысынан айырылған жандарға тиесілі жәрдемақы 25 пайызға өсті. Бұған қоса дәл осындай оңды өзгерістер дәрігер, мұғалім және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларына қатысты болды. Олардың айлығы еңбек өтілі мен кәсіби біліктілігіне қарай 7 пайыздан 40 пайызға дейін көтеріліп отыр. Ал студенттер жаңа жылдан бастап 25 пайызға жоғарылатылған шәкіртақы алады. Талғат Райымбек. Дерек: 24.kz. Сурет: m-astana.kz.