• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қаңтар, 2016

Сальвадорда Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде 5 адам қаза тапты

413 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 қаңтар. Эль-Сальвадор Республикасының Сан-Мигель қаласында жаңа жыл мерекесі кезінде белгісіз біреулер 5 адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Екі тұрғын үйге баса-көктеп кірген қаруланған топ отбасы мүшелеріне бірден оқ жаудырған. Қаза тапқандардың арасында 11 жастағы бала да бар. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға болған аудан «Мара Сальватруча» деген атқа ие қарақшы топтың бақылауында. Осы себепке байланысты үй иесі мен бандалардың арасында келіспеушілік болған деген болжам жасалды. Дүйсенбі күні тағы бір қылмыскер топтың мүшесі ел астанасы Сан-Сальвадор қаласынан 23 шақырым қашықтықта орналасқан Олокуилта муниципалитетінде жергілікті патруль қызметкерлеріне шабуыл жасады. Атыс кезінде тәртіп сақшылары қарсы топтың бес адамының көзін жойды. Айта кетейік, Эль-Сальвадор Республикасы соңғы жылы әлемдегі зорлық-зомбылық жиі болып тұратын мемлекеттердің біріне айналды. Өткен жылы қаңтар айының басынан қараша айының соңына дейін 6044 адам қылмыскерлердің құрбаны болған. Бұл дегеніміз 2014 жылмен салыстырғанда 72,5 пайызға көп. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ren.tv.