• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Кадр біліктілігі – басты өлшем

314 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында өткен брифинг «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы мен алдағы міндеттерге арналды. Онда облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгінгі күн талаптарына сәй­кес өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізілген «Білім туралы» Заң білім беру мен білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге, халық­аралық стандарттарға сәй­кестендіруге, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында ал­дымызға қойған міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқаруға мүмкіндік береді, дей келіп, Шол­пан Таңатқызы одан әрі нақ­ты істерді баяндады. Облыстың білім мекемелерінде 17 мың­ға жуық педагог еңбек етеді. Олар­­дың 40 пайыздан астамы жоғары және бірінші санатты. 7 коррекциялық мектеп-интернатта 810 бала тәрбие алады. 13 пси­хологиялық-педагогикалық кор­­рек­циялық кабинет 322 балаға әлеуметтік көмек көрсетеді. 73 логопедтік пункт жұмыс істейді. «Қазақстан жаңа жаһандық нақ­ты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында білім мен ғы­лымның, инновацияның алдағы биік межелері айқындалды. Олай болса, орта білім беру саласы әр­бір ата-ана, қоғам, өскелең ұрпақпен тығыз байланыста жүр­гізілуі тиіс­тілігі, білім беру жүйесінің сапа­сы мен нәтижесі мұғалімнің біліктілігі мен кәсіби шеберлігіне көп қатысты екені айтпаса да түсі­нікті. Баяндамашы 76-шы қадамдағы ЭЫДҰ елдері негізінде адам ка­­пи­талының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мек­тептегі оқыту стандарттарын жа­ңарту талаптарына орай алда атқарылатын шараларға тоқталды. Екі мектепте бастауыш білім беру мемлекеттік стандартының жаңа апробациясын енгізу қолға алынған. 3-6 жастағы балдырғандарды мектепке дейінгі біліммен қамту 97 пайызды құрайды. Ата-ана­ның қамқорлығынсыз қалған балалардың саны соңғы үш жылда 212-ге азайған. Мемлекет-же­кеменшік әріптестігі аясында балабақшалар салу қарқын алған. 77-ші қадамда атап көр­сетілгендей, экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату міндеті тұр. Облыс кол­ледждерінде аумақ экономика саласы үшін 75 мамандық бойынша кадрлар әзірленеді. 8 мың студент мемлекеттік тапсырыс арқылы оқытылады. Дуалды оқыту 24 мамандық бойынша 12 колледж­ге енгізілген. Олар 80 мекемемен тығыз қарым-қатынас орнатқан. «Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру» жобасы аясында Петропавл құры­лыс-экономикалық колледжі 43 миллион теңгенің грантын жеңіп алған. Дуалды білім беру шеңберінде «СевКазЭнерго» АҚ Солтүстік Қазақстан кәсіптік-техникалық колледжінде «электрмен жабдықтау» маман­дықтары негізінде оқыту полигонын орна­­лас­тырған. Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық кол­лед­жінде «ет және ет өнімдері өндірісі» мамандығы бойынша үш сынып жабдықталған. Студенттер оқу фермасында 30 бас ірі қара малын өсірумен де шұғылданады. Енді мұнда қайта өңдеу салалары үшін мамандар даярлау қолға алынбақ. Ш.Каринова педагогикалық әдеп ережесінің енгізілуін маңыз­ды шара ретінде мақұлдады. Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда педагогтар мен оқушылар арасындағы дөрекі қарым-қа­тынастар жиі көрсетіледі. Осы­ған байланысты жаңа заңға пе­дагогикалық әдеп ережесінің енгізілуі өте маңызды. Ереже пе­да­гогтардың өздерін ұстай біл­уін қалыптастыруға, мектепте қо­лайлы орта құруға жағдай жасайды. Заңның жаңа редакциясында сы­нып жетекшісінің қызметі де белгіленген. Журналистердің білім беру мекемелерінде міндетті мектеп формасын енгізу мәселесіне қалай қарайсыз деген сауалына білім беру мекемелерінде міндетті мектеп формасын енгізу дер кезінде және алғаш рет заңнама арқылы қолдау тапты. Міндетті мектеп формасын енгізу оқушылардың бірлігіне, ұйымшылдығына, ын­ты­мағына, ортақ іс пен мақ­сат­тарға бір кісідей жұмылып, тал­пыныс жасауларына зор ықпал жасары анық. Мектеп формасы оқушылар арасындағы киім бә­секелестігінің туындауын, бі­рін-бірі көреалмаушылықтарын төмендетіп, әртүрлі отбасылар­дың материалдық жағдайлары­ның айырмашылықтарын жояды. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде сабақ өткізбеу ережелері заңда қарастырылғанын айта кеткен жөн, деп жауап берді. Одан әрі 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функ­ционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлт Жоспарында қойылған міндеттерге қол жет­кізетін білім беру сапасын, ішкі және сыртқы баға беру жүйесінің жаңашылдығын тілге тиек етті. Білім берудің жаңа мазмұнын енгізу оқушылардың білім баға­сының өлшемдерін бекітуге және нәтижеге бағытталған. Біз дарынды балалардың дамуы­на және оларды қолдауға ұдайы көңіл бөлеміз. Заңның жаңа ре­дакциясында жалпы білім беретін пәндерден халықаралық олимпиада­лар, ғылыми жобалар байқауына қатысушылар құрамын жасақтау, сайыс талаптары, олардың өткі­зілуі мен ұйымдастырылуы, әдіс­темелік іс-шараларды қам­тамасыз ету айқындалған. Халық­аралық пән олимпиадалары мен жарыстардың жүлдегерлері ғана ҰБТ-дан босатылуға құқылы. Бұл әртүрлі деңгейдегі пән олимпиа­далары мен ғылыми жобаға дарынды балалардың қатысуының ашықтығын, әділдігін қамтамасыз етіп, олардың білім сапасын жоға­рылатады. Брифингке Петропавл қала­сын­дағы №1 коррекциялық мек­теп-интернаттың директоры Н.Хо­ванский, Солтүстік Қазақ­стан кәсіптік-педагогикалық кол­леджінің басшысы Жеңіс Әбіл­мәжін де қатысып, өз ойларымен бөлісті. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.