• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2016

Леонардо Ди Каприо «үздік актер» атағын иеленді

341 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 қаңтар. АҚШ-та Гилдия кәсіби одағының өткізген салтанатты кешінде Леонардо Ди Каприо «Итжанды» (The revenant) фильміндегі рөлі үшін «үздік актер» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Леонардо Ди Каприоның бәсекелестері ретінде Джонни Депп, Майкл Фассбендер, Эдди Редмэйн және Брайан Крэнстон танылды. Жеңімпаз осыған дейін үздік драмалық рөлі үшін халықаралық кинобасылымдардың таңдауымен «Алтын глобус» және АҚШ-тың «Сыншылар таңдауы» (Critic’s choice) сыйлығының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, осы фильмі үшін 28 ақпан күні өтетін «Оскар» сыйлығының үміткерлер тізіміне енді. Салтанатты кеште «үздік актриса» номинациясын «Бөлме» (Room) фильмінде басты рөлді сомдаған Бри Ларсон жеңіп алды. Ал екінші жоспардың үздік актрисасын «Даниядан келген қыз» (The danish girl) фильмінде ойнаған Алисия Викандер иеленді. Сондай-ақ, «Қаңғыбас аңдар» (Beasts of no nation) фильміндегі Идрис Эльба соған бара-бар ер адамдар арасындағы номинацияға қол жеткізді. «Басты назарда» (Spotlight) фильмін сомдағандарды үздік актер ұжымы ретінде мойындады. Салтанатты кеште «Карточкалы үйшік» (House of cards) фильмінде ойнаған Кевин Спейси драмалық сериалдық үздік актері атағын алды. Ал әйелдер арасында осы номинацияны «Өлімнен қалай құтылуға болады» (How to get away with murder) сериалы үшін Виола Дэвис жеңіп алды. Комедиялы сериалдар арасында Узо Адуба «Маусым хиты – қызғылт сары» (Orange is the new black) үшін «үздік актер» ретінде танылды. Ал шағын сериалдың үздік актрисасы атағын «Блюз биінде тек қана Бесси» сериалын сомдаған Куин Латифа жеңіп алды. «Лютера» фильмінің өткен жылы кезекті маусымында ойнаған Идрис Эльба «үздік актер» атанды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: interfax.ru.