• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2016

«Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры ауысты

283 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 1 ақпан. Қарағандының «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Владимир Нидергаус қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ал бүгін кеншілер командасының атқарушы директоры қызметіне Асқар Әбілдаев тағайындалды. Осыған дейін ол Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаментін басқарған. Сондай-ақ, тәртіптік-бақылау комитетінің төрағасы да болды. Асқар Әбілдаев белгілі футболшы. «Шахтердің» құрамында ойнап, еліміздің таңдаулы шабуылшыларының бірі болды. Қазақстанның чемпионы (1992) және ел кубогының иегері атанған. 2008-2010 жылдары осы «Шахтердің» атқарушы директоры қызметін атқарған. Әбілдаев басқарған кезде «Шахтер» ел чемпионатының қола жүлдегері атанды (2009). Екі рет Қазақстан кубогының финалына шықты (2009, 2010). Қайрат Әбілдинов. Дерек: «Шахтер» футбол клубының баспасөз қызметі. Сурет: prosport.business.kz.