• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2011

Тарихи маңызы зор оқиға

782 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына ЕҚЫҰ Астана Саммитінің сәтті өтуіне байланысты құттықтау хаттар легі толассыз ағылуда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қостанай облысының Жіті­қа­ра ауданынан хат жолдаған Е.Жа­қыпов, Л.Паневина, Ю.Кирдя­нкина, Н.Долгиер өз хаттарында ЕҚЫҰ Саммитіне Қазақстанның төрағалық етуі тарихи маңызы зор оқиға болғанын зор мақ­та­нышпен жазады. Аталған облыс­тың Рудный қаласының тұр­ғын­дары А.Бейсенбаева, С.Романенко, Л.Тоқтабеков, М.Искаков жә­не Г.Баландина құттықтау хат­та­рында ЕҚЫҰ Самитінің нәти­желі өтуі мен Астана Декла­ра­ция­сы­ның қабылдануы Елба­сы­ның қа­жырлы еңбегінің арқа­сында мүм­кін болғанын атап көрсетеді. Авторлар хат соңында Елбасын осы дәуірлік оқиғаны табысты өткі­зуі­мен құттықтап, алдағы уа­қыт­та да мемлекетімізді нығайту, елімізді дамыту жолындағы қыз­ме­ті­не табыс, зор денсаулық тілейді.