• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2011

Ғасыр жасаған әже

637 рет
көрсетілді

Астана – жастар қаласы. Қарап тұрсақ, ұлы істер жастардың жігерімен атқарылады екен ғой. Ел­ордадағы зәулім-зәулім ғимараттар, кең даңғылдар, әсем көпірлер – бәрі өрімдей ұл-қыздардың тұрғызғандары. Дегенмен, жастар туралы айтқанда, олардың тілегін тілеп отыратын ата-әжелерін қаперден шығармаған жөн. Міне, осындай әзиз аналарымыздың бірі,  аста­налық қарт әже Злия Тояшқызы бүгін 100 жасқа толған тойын атап өтуде. Злия апамыз – жазып қойған хаттай тірі оқулық. Аласұрған ХХ ғасырдың дүбірлі 1916 жылы, одан кейінгі ақ пен қызылдың арпалысы, жаңа экономикалық саясаттың әкелген жақсылығы, күштеп ұжымдастыру мен аштық қасіреті, 1937 жылдың қуғын-сүргіні, фашиспен соғыс әлі есінде. Немерелері Тілеуберген, Гүл­дана, Перизатқа, шөбересі Кәмилаға XVIII ғасырдағы жоңғарларға қарсы соғыста ерен ерлігімен халық жадында қалған арғы атасы қаракесек Жарылғап батыр туралы айтудан да жалықпайды. Бір ғана өкініші бар. Ол – Қазақстанның тәуелсіздік алған жұлдызды сәтіне құдай қосқан қосағы Садық ақсақалдың жетпей, дүниеден өткені. Төрт қыздан кейін көрген ұлы Тілегеннің ғылым докторы, профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі болғанын,  келіні Раиса Әлиқызының докторлық диссертация қор­ға­ғанын, немерелерінің Лондонда, Мәскеуде, Сеулде білім алғанын азаттықтың арқасында келген бақытым деп қуанады кейуана. Қуанышыңыз ұзағынан болсын, абзал ана! Бақытты аналармен Қазақ елі бақытты. Ханкелді ӘБЖАНОВ, тарих ғылымдарының докторы. Астана.