• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2011

Елмен бірге өткен елу жыл

453 рет
көрсетілді

Тахауи Ахтанов атындағы об­лыстық драма театрында «Қазақ­стан-Ақтөбе» облыстық телеарна­сы өзінің жарты ғасырлық ме­рей­тойын атап өтті. Бұған дейін алты ауданда көрермендермен «Алтын микрофон» атты кездесулер өт­кізіп, жұртшылық пен екі арадағы байланысты нығайта түскен об­лыстық телеарнаның елу жылдық өткен жолы салтанатты кешке жи­налғандарға бейнефильм арқылы таныстырылды. «Елу жыл сіздермен біргеміз» атты мерекелік сал­та­натта «Қазақстан-Ақтөбе» теле­арна­сының директоры Раукен От­ын­шин шығармашылық ұжымның өткен жолы, бүгінгі тыныс-тір­шілігі жайлы әңгімеледі. Қазір телеарна облыстың 132 елді мекеніне хабар таратады. Об­лыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қол­да­уы нәтижесінде ақтөбеліктер об­лыс­тық телеарна хабарларын бұ­рынғыдай тәулігіне бір сағат емес, 14 сағат көре алады. Сондай-ақ, те­леарнаның студиядан тыс жерлерден тікелей хабар беретін мүм­кін­дігі бар. Салтанатты сәтте теле­ар­наның бастауында тұрған арда­гер­лердің есімдері құрметпен аталды. Облыс әкімінің орынбасары Ро­за Кемалова бір топ қызметкерге облыс әкімі Елеусін Сағын­ды­қов­тың атынан Алғыс хат пен ақша­лай сыйлық, бір пәтердің серти­фи­катын тапсырды. Қала әкімі Архимед Мұхамбетов бірқатар қызмет­керлерге сый-сияпат жасады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционер­лік қо­ғамы бас директорының орын­ба­са­ры Тақталифум Есенғұлов шығар­ма­шылық ұжымға алда да тың та­быстар тіледі. «Қазақстан» теле­ком­паниясы төрағасының орын­ба­сары Қайнар Олжай облыстық те­леарнаның өзге өңірлердегі филиалдардан озық тұрғанына тоқтала келіп, ұжымдағы соңғы жылдар­дағы соны ізденістерді атап өтті.Аты­раулық журналист Айтқали Нұр­ғалиев мұнайлы өңірде телеарна ашылғанда ақтөбелік әріп­тес­тері көп көмек бергенін жұрт­шылық жадында жаңғыртты. Салтанатты сәт әсем әнмен әд­­іп­теліп, күмбірлеген күймен, көр­кем бимен көмкерілді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.