• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1480

605 рет
көрсетілді

2010 жылғы   30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2011 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттырылсын. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.