• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2011

Рождество мерекесімен құттықтады

449 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің православиелік христиандарын және барша қазақстандық­тар­ды жарқын мейрам – Рождество мерекесімен құттықтады.  Рождество – ізгі үміттер мен жақсылықтардың мерекесі. Ол адамдарды игі істер жасауға, құдайдың өсиетімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылуда бастарын біріктіреді, делінген Елбасының құттықтауында. Осы мәңгілік құндылықтар, әсіресе, түрлі сенімдегі және эт­ностағы адамдар достық ауа­нын­да өмір сүретін Қазақстанда ерекше құрметтеледі. Біздің бірлігіміз бен ынты­ма­ғы­мыздың арқасында Қазақстан ырғақты дамуын жалғастыруда. Еліміздің халықаралық арена­дағы беделі нығая түсуде. Қазақстан Ұйымға мүше елдер мемлекет және үкімет бас­шы­ларының тарихи мәнге ие Астана Саммиті заңды қоры­тын­ды­сы болған ЕҚЫҰ-дағы төраға­лы­ғын табысты жүзеге асырды. Өткен жыл Қазақстандағы Орыс Православие шіркеуі үшін есте қа­лар­лық оқиғамен ерекшеленді. Астанада Мәскеу және Бүкіл Ресей Пат­риархы Кирилл болып қайтты. Ол елордада Ор­талық Азиядағы аса ірі Успен кафедралды соборын сәуле­лен­дірді. Бұл сапар біздің еліміздегі православие және ислам қауымы ара­сындағы ізгілікті қарым-қаты­нас­ты нығайтуда ма­ңызды қадам болды. Рождество жарқын мерекесінде ізгілікті істері мен ой-ниеттері Отанымыздың дамуы мен өркен­деуіне үлес қосып келе жатқан республиканың барлық православие азаматтарына ризашылық сөзімді айтқым келеді, дейді Президент. Елбасы құттықтауының со­ңын­да барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бейбітшілік пен игілік тілей келіп, әр от­ба­сында бақыт, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік салтанат құр­ға­нын қалайтынын жеткізеді.