• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2011

Алдағы міндеттер айқындалды

484 рет
көрсетілді

Қызылжар өңірінде де «Нұр Отан» ХДП  саяси ұйымының бастауыш партия ұйымдарындағы есептік-сайлау шаралары қызу жүргізілуде. Аудан орталығы Явленка кентінде өткен бастауыш партия ұйы­мының есептік-сайлау жиы­нына қатысар алдында облыс әкі­мі Серік Біләлов бірқатар нысан­дарды аралап, ауданның тыныс-тіршілігі­мен таныс­ты. Солардың бірі «Нұр Сәт» авто­көлікке қызмет көрсету орталы­ғында болды. Кәсіпорын­ның ашыл­ғанына көп бола қойған жоқ. 10 миллион тең­геге тұрғызыл­ған қыз­мет көрсету орталығына келушілер қатары күн санап артып келеді. Мұн­да автожуу, доңғалақ­тарды жөн­деу шеберханасы да жұмыс істейді. Мекеменің дирек­торы  Нұр­лан Ра­мазановтың ай­туын­ша, қыз­мет көр­сету бағасы қол­жетім­ді. Ал­дағы уа­қытта жаңа құ­рал-жаб­дық­тар са­тып алу үшін «Бизнес­тің жол карта­сы-2020» бағдар­ла­масы ая­сын­да несие алуды көздеп отыр. 250 орынды мей­рамханасы мен бильярд залы бар «Түркі­стан» ойын-сауық кешені де өз қызметін бастап кетіпті. Бұдан кейін Серік Сұлтан­ғазы­ұлы  аудан орталығы—Явленка кентінде өткен  бастауыш партия ұйы­мы­ның есептік-сайлау жина­лы­сына қатысты. Онда партия ұйымының төр­ағасы Сергей Корнев  есепті ке­зең­де атқарыл­ған жұ­мыстар жайын­да жан-жақты баяндап берді. Ұйым қатары нығайып, мүшелердің қата­ры 6 пайызға артқан көрінеді. Бүгін­де 1236 нұротандықты топтастырып отыр. Жиында  сөйлеушілер  алдағы он жылды қамтитын партия бағ­дарла­масына қатысты өз ой­лары мен ұсы­ныс­тарын ортаға салды. Еліміздегі айту­лы оқиғалар тізбегін, олардың ара­сынан Қазақстан­ның Кеден ода­ғы­на кіруін, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін, Астанадағы Сам­мит­тің өтуін ерекше атап өтті. Елбасы Н. Назар­баевтың  жүргізіп отырған саясатын бірауыздан қол­дап,  2020 жылға дейінгі  Қазақ­стан­ның стратегия­лық даму жоспарын орындауға тас-түйін әзір екендіктерін, Тұңғыш Пре­зиденті­міздің өкілеттігін он жылға  ұзарту туралы референдум өткізу жөнін­дегі бастаманы бірауыз­дан қолдай­тындықтарын білдірді. Жиында  «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы С. Біләлов сөз алып,  жаңа жыл үлкен міндеттер жүктеп отырғанын жеткізді. Петропавл қаласындағы «Ден­саулық» бастауыш партия ұйымы бюросының есеп беру-сайлау жи­налысы да іскерлік тұрғысында өтті. Оның жұмысына денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, емдеу ме­ке­мелерінің басшылары шақырыл­ды. Партия ұйымының төрағасы  Владимир Сердобинцев өз баянда­ма­сында  атқарылған жұ­мыстар жө­нін­де жан-жақты мағ­лұмат берді. Ал­дағы міндеттер кеңінен сөз бол­ды. Қалалық партия ұйымы төраға­сының бірінші орынбасары Николай Черновол  делегаттарды  «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі мерзімге  арналған бағдарлама жо­ба­сымен таныстырып, ол қолдау тапты. Жиында партия топтарының жетекшілері Жанна Мәуітова, Светлана Кащенцева, Ғалия Мәметова сөйлеп, бірқатар мәселелер бо­йын­ша ой-пікірлерімен бөлісті. Есеп беру-сайлау жиналысына қа­тысқан облыс әкімі Серік  Біләлов облыс экономикасының дамуына  медицина қызметкерлері үлкен үлес қосып отырғанын атап көрсетті. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.