• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Ақпан, 2016

Иракта лаңкестердің шабуылынан 35 адам мерт болды

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 ақпан. Ирактың Дияла провинциясына қарасты Эль-Микдадия қаласында лаңкестердің шабуылынан 35 адам қаза тауып, 50-ден астамы түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жанкешті жерлеу рәсімі болып жатқан жерге келіп, жарылғыш затын іске қосқан. Алғашында 24 адамның мерт болғаны туралы ақпарат тарағанымен, қаза тапқандар саны 35 адамға жеткені белгілі болды. «Эль-Микдадия қаласында жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуінен осындай оқиға болды. Қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін», – деді жергілікті полиция қызметкері. Айта кетейік, 28 ақпан күні Бағдад қаласындағы сауда орындарының бірінде содырлар ұйымдастырған жарылыстан 70 адам құрбан болып, 100-ден астамы түрлі дене жарақатын алған. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».