• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Құрметті отандастар!

232 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы елі­міз­дің барша азаматтарын 1 нау­рыз – Алғыс айту күнімен құттық­тай­ды! Тәуел­­сіздіктің 25 жылдық ме­рей­тойлық жы­лын­да Ұлттық күн­тіз­­бемізде осы ме­ре­­кенің пайда болу­ы­ның мағынасы терең. Бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары Қазақ­станның көпұлтты халқының тарихи тағдырымен ұштасқан. Бұл күні біз Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихына құрмет білдіреміз. Алғыс айту күні – Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты. Елбасының дана, сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстанда қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалып­тасты, оның арқауы – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бірлік, тұрақтылық және келісім еліміздің эконо­ми­калық қуатының берік іргетасы, саяси, әлеуметтік және мәдени міндеттерді шешу жолындағы сенімді кепілі бол­ды. Бұл қағидаттар – жаңа заманның сын-қатерлеріне біз­дің ­жауабымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл күн ерекше қуа­ныш­ты мереке, себебі, дәл осы 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассам­­блея­сының құрылған күні Алғыс айту күні болып жарияланды. Даталардың түйісуі біздің жаңа мерекемізге ерекше мағына және айрықша маңыз береді, ол адамдар арасындағы, Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этностар арасындағы өзара сенім мен сыйластық деңгейінің жоғарылығын, өзара түсіністік пен терең құрметті білдіреді. Даталардың бұл түйісуі кездейсоқтық емес. Мемлекет басшысының өзі Ассамблеяның құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсыныс айтқан болатын. Алғыс айту күні – қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі – кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым белгісі. Біз Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, тең құқықтар иеленген және нұрлы болашақ жолында зор жауапкершілікпен топтасқан Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыру туралы мәлімдедік. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміз бен қоға­мы­мызды жаңартуға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық пат­риоттық идеясының негізінде Қазақстан халқының бір­лігін нығайтуға бағытталған барлық реформалардың жү­зеге асырылуына атсалысады. Біз қазақтың қасиетті жеріндегі ең басты құндылы­ғы­­мыз – бірлік пен татулық үшін ортақ жауап­керші­лі­гімізді сезінеміз және жарқын болашағымызға нық сенеміз. Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!  Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.