• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Байқаушылар бас қосты

257 рет
көрсетілді

Байқаушылар Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң акаде­мия­сының конференц-залына жиналды. Дәріс барысында әрбір байқау­шының Конституцияны, «Сайлау туралы» Заңды, сондай-ақ, бай­қау­шының тікелей міндеттерін жете білу керектігі қайталай ескертіліп, тың­дау­шылардың жады шыңдалды. Байқаушы өзіне тиесілі міндетіне тек сайлау өтетін биылғы 20 наурыз күнін күтпей, дәл бүгіннен бастап кірісуі керектігі қайта-қайта ескертілді. Сондықтан да семинар-тренингтен шыққан бойда әрбір байқаушы өздеріне бекітілген сайлау учаскелеріне барып, іс-шараның өту барысымен танысуы тиіс. Ең алдымен, сайлаушылардың барлығы бірдей тізімге алынған-алынбағаны тексеріледі. – Бүгін біз сайлау науқаны басталғалы Алматы байқаушыларымен екінші рет семинар-тренинг өткізіп отырмыз, – деді комиссия жетекшісі, академия ректоры, профессор, Қазақстан Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің мүшесі Өмірәлі Жалаири. – Қала бо­йынша барлығы 532 байқаушы бар. Комиссия төрағасы ретінде мен бұған дейін әрбір партияның штабында болып, олардың науқаналды жұмысымен таныстым. Бүгінгі таңда біздің бір ғана мақсатымыз бар, ол – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауын жоғары дәрежеде, заң талаптарына сәйкес ойдағыдай етіп өткізу. Сайлау – жергілікті әкімдік белсенділерінің араласуынсыз ашық та таза өтуі тиіс. ЕҚЫҰ байқаушыларының және де басқа да халықаралық байқаушы ұйымдардың алдында жүзіміз ашық болғаны дұрыс. Олардың тарапынан ешқандай да бір ескертулер болмағаны мақұл. Қазір Қазақстандағы Парламент сайлауына күллі әлем назары ауып отыр. Өткен жылғы елдегі президенттік сайлауда мінсіз қызмет атқарған барлық байқаушыларға бұл жолы да сондай леппен қызмет істеп, тиянақтылық көрсету тапсырылды. Алматыда «Заңгерлер әділ сайлау үшін!» республикалық қоғамдық ұйымы бар. Ұйымның құрылғанына 10 жылдай уақыт өтті. Жауапты науқанның нормативтік заң актілеріне сәйкес болуын осы ұйымның белсенділері де қадағалап, бір кісідей атсалысатын болады. Жиында байқаушылардың осынау белсенді ұйыммен бірлесе, ынтымақтаса жұмыс істеуі туралы да айтылды. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.